Сабақтың жоспары : Дыбыс туралы түсінік және оны сипаттайтын физикалық шамалар



бет6/6
Дата15.11.2022
өлшемі3,99 Mb.
#50206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
6 Практикалық сабақ Есту биофизикасы

Аудиометрия. Адам құлағының есту қабілетін зерттеудің тағы бір әдісі- аудиометрия деп аталады. Аудиометрия деп оң және сол құлақтың түрлі жиіліктегі дыбыстарды естуін зерттеу арқылы, құлақ сезгіштігін анықтауды атайды. Мұндай зерттеу арнаулы электрондық құралы - аудиометр арқылы жүргізіледі. Аудиометриялық зерттеу бірнеше түрге бөлінеді, олар дыбыстық, тоналдық және компьютерлік деп аталады.
Аудиометриялық зерттеу нәтижесінде график түзеледі, оны аудиограмма деп атайды. Мұндай графиктің горизонталь осіне дыбыстың жиілігі салынады, ал вертикаль осіне әр жиілікке сәйкес құлақтың дыбысты сезгіштігі көрсетіледі. Көбіне зерттеуге 120 Гц тен 8000 Гц аралығында дыбыс толқындары алынады.
Аудиограммалық зерттеу былайша жүргізіледі, алдымен пациенттің оң құлағына 120-8000 Гц аралығындағы дыбыстар біртіндеп беріледі және оның қаттылығын біртіндеп, пациенттің құлағы естіменге дейін төмендетеді, құлақтағы дыбыстың жоғалған мезгілін пациент хабарлайды, соған сәйкес сурдолог- дәрігер графикке тиісті белгі салады. Тура осындай іс- әрекет сол құлақпен де жүргізіледі.
Әр құлақ үшін аудиограмма жеке жеке сызылады және олардың түсі әр түрлі . Оң құлақ диаграммасы AD деп белгілейді, ал сол құлақ үшін AS деп белгіленеді(17- сурет).
Егер құлақтың есту қабілеті қалыпты күйде болса, онда графиктегі қисық сызықтар жазық түрде және 20 дБ деңгейінде болады.





















































































































































































































Рис.17 Қалыпты еститін оң және сол құлақ аудиограммасы.


Төмендегі 18-сурете аудиометр(а) және тимпаномтер(б) құралдарының сыртқы көрінісі берілген.





а) Аудиометр MAICO MI 24 б) Тимпанометр АИ-02


(Италия) (Ресей)

18 сурет.




Оқытудың техникалық және инструментальдық құралдары: проектор, сызба, кестелер


Сабақтарды өткізу тәртібі:
- сабақ жоспарына сәйкес оқу пәнiнiң сұрақтарын талқылау;
- білім алушылар ұсынған тапсырмаларды және сұрақтарды талқылау;
- оқу пәнiнiң теориялық қағидалары мен тұжырымдамаларын талдау;
- семинар – «дөңгелек стол».


Деңгейлік тапсырмалар (20 ұпай дейін):
І-ші деңгей:
1.Дыбыс дегеніміз не?
2.Дыбыс жиілігіне тиісті мәндер аралығын таңдаңыз?
3.Қандай жиіліктегі тербелістер адамның сезім мүшесі құлаққа әсер етіп есту түйсігін тудырады?
4. Дыбыс туралы ғылым қалай аталады?
5. Дыбыс толқыны тарайтын бағытқа перпендикуляр орналасқан бірлік аудан арқылы өтетін толқынның энергиясының шамасы қалай аталады?
ІІ-ші деңгей:
1.Құлақтың қай бөлігі оның температурасын, ылғалдылығын, серпімділігін және т.б механикалық қасиеттерін тұрақты күйде болуын қамтамасыз етеді
2.Сыртқы құлақты қандай жүйе деп қарастырамыз
3.Сыртқы құлақтың өлшемдерін айтыңыз.
4.Сыртқы құлақтағы акустикалық резонанс құбылысының байқалуын түсіндіріңіз.
5.Акустикалық резонанстық жиілігінің мәнін есептеу формуласы
6.Резонанстық жиіліктің мәні
7.Адам құлағының ең жоғарғы естіу сезімталдығына сәйкес келетін жиіліктің мәні:
8.Жалпы резонанстық жиілік мәндері адам үшін неше кГц?
ІІІ-ші деңгей:
1.Балғашаның иіні l=9мм, төстіктің иіні l=7мм болып,осы жүйені айналдырушы күш моменті мынаған тең болады:
2.Ортаңғы құлақ дыбыс естуді көп жақсартады,яғни дыбыс интенсивтілігі қандай шамаға аратады?
3.Егер 1кГц дыбыс толқынының интенсивтілігі өте жоғары болса,онда ол неге күшейтілмейді?
4.Өте қатты дыбыс әсерінен ортаңғы құлақтағы дыбыс толқыны интенсивтілігінің төмендеуінің себебі?
5. Адамның ішкі құлағы қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
6.Құлақтың ішкі құлақ бөлігін кейбір оқулықтарда қалай атаған?
7.Ұлу денесінің сопақ, терезеден басталатын жоғарғы бөлігі қалай аталады?


Студенттердің өзіндік жұмысына арналған тапсырма (30 ұпай дейін):
1. Аудиометр құралын клиника жағдайында қолдану – презентация.


Әдебиеттер тізімі
Қазақ тілінде, негізгі:

  1. Төлеуханов.С, Биофизика: Оқулық. - Алматы: ҚР ЖОО қауымдастығы,2013.- 304 б.

  2. Умербекова.Т.К. Биофизика. - Қостанай: А. Байтурсынов атындағы ҚМУ, 2013.

  3. Патрик Ф.Д. Биофизика. Ағылшын тілінен аударылған. Алматы, 2013. -476 б.

  4. Байзак У.А., Байзакова Б.У. Медициналық биофизика: Дәрістер жинағы. Тұран баспаханасы ХҚТУ, Түркістан, 2015, 151 б.

  5. Медициналық жəне биологиялық физика: оқулық / А.Н. Ремизов; жауапты редакторы М.А. Əбирова. — М.: ГЭОТАР-Медиа, 2015. — 656 б.: ил.

  6. Б.К.Койчубеков, А.А.Айткенова, С.Букеев, Г.Г.Балмагамбетова Медициналық және биологиялық физика негіздері, 2016

Қосымша әдебиет:

  1. Антонов В.Ф., Коржуев А.В. Физика и биофизика. Курс лекций для студентов медвузов. М.: Издат. гр. «ГЭОТАР-Медиа», 2014, -240 стр.

  2. Ивлева.Л.П. Биофизика: Электронный учебник. - Караганда: КарГТУ, 2013.

  3. Андрей Рубин Биофизика. В 3 томах. Том 1. Теоретическая биофизика Издательство: Институт компьютерных исследований. Год выпуска-2013, -472 с.

  4. Байзақ У.А., Усембаева И.Б., Минтасова А.С., Аймаханов М.С.: Медициналық биофизика пәнінен медициналық техникаларға арналған зертханалық практикум. –Түркістан: «Тұран» баспаханасы, 2017, -101 б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет