Сабақтың жоспары № Сабақтың тақырыбы: Шағын плазмалық дәнекелеу тәсілдері. Сабақ мақсаттары



бет2/6
Дата18.02.2023
өлшемі191,07 Kb.
#68998
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Жаңа сабақ: 30 минут
Соқалар Қазіргі трактор соқалары былайша жіктеуге болады:
Атқаратын жұмысына қарай - жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс соқалары;
Корпус санына қарай –бір,екі,үш, төрт,бес,алты,сегіз және тоғыз корпусты;
Тракторға тіркелуіне қарай -тіркемелі, жартылай аспалы және аспалы; Корпустарының қайырма формасына қарай- дақылдық;
Қайырмалы(жалпы жұмысқа арналған соқалар мен түренді сыдыра жыртқыштар),торлы қайырмалы (ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін),жартылай винтті және винтті қайырмалы (тың және тыңайған жерлерді жыртатын) соқалар. Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27см тереңдікке дейін жыртуға қолданылады.Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады.
Мысалы: ПЛП-135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға,өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады,сондай ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып,оларды бір жағынан жылжыту жұмысын да атқарады.
Плуг маркалары былайша оқылады:
ПН-аспалы плуг,
ПБН-батпаққа арналған аспалы плуг,
ПЛП-жартылай аспалы плуг;
ПСГ-гидрофицияланған бау- бақша плугы;
Соқа корпусы
Түрен-топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады.
Қайырма-топырақ қыртысын аудару мен ұсақтауға арналған.
Егіс тақтайшасы (жақтау) соқаның жүрісін тұрақтандырады, тіректі бүйірлік күштерден жеңілдетеді, қарық қабырғасын құлаудан сақтайды.
Қайырма түрлері
Қайырмалар бет формасына байланысты дақылдық, цилиндрлі,жартылай винтті және винтті болып бөлінеді.Винтті және жартылай винтті қайырмалар топырақ қыртысын жақсы аударады.Оларды тың және тыңайған жерлерді, мысалы үш жылдық жоңышқаны жырту үшін қолданады. Цилиндрлі және дақылдың формалы қайырмаларды жақсы игерілген мәдени егістіктерде қолданады.Бұл қайыриалар топырақты ұсақтаумен қатар аздап қыртысты да аударады.
Қайырманы үш қабатты болаттан жасайды.Оның сыртқы қабаттары көміртекті,ортанғысы аз көміртекті болаттан құралады да жылумен өңделеді.Бұл қайырманың әрі берік,әрі иілгіш болуына әсер етеді. ПЛН-5-35 бес корпусты аспалы соқа



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет