Соқаны жұмысқа дайындау Соқаны жұмысқа дайындау шаралары жүйесіне-соқаны құрастыру дұрыстығы және техникалық жағдайы оның жұмыс тетіктерін орналастыру, тракторды дайындау және оны соқамен тіркестіру,агрегаттарды белгіленген жырту жағдайына әзірлеу жұмыстары жатады. Соқадан шығарылып алынған жеке корпустардың құрастырылу сапасын, оларды бір-біріне тік бағытпен жүргізілген торлы сызығы бар көлденең, металл плитасына қойып анықтайды. Плита үстіндегі бағанаға арқалық бекітілген болуы керек, оған корпус тірегінің жоғарғы басын бекітеді. Плитадағы бақылау сызықтары арқылы корпус тірегіне бекітілген түреннің, қайырманың және егістік тақтайшаның жағдайларын анықтайды.
Дискілі пышақпен шымаударғышты орнату Соқаның рамасына пышақ пен шымаударғыштың қондырылуын төмендегіше тексереді. Шымаударғышты биіктігі бойынша топыраққа 10…12см тереңдікке енетіндей етіп, ұстағышымен бекітеді.Бұл үшін шымаударғыш түрені пышағының жүзі, негізгі корпус түрені пышағының жүзінен 20 см тереңдікте жыртқанда 10см жоғары тұрады,ал 22см тереңдікте-12см-ге, тереңдікте – 15см және 27см тереңдікте 17см жоғары орналастырылады. Негізгі корпус пен шымаударғыш аралығынан топырақ еркін түсуі үшін негізгі корпус түрені тұмсығынан,шымаударғыш түрені, тұмсығының, соқаның жүріс бағыты бойынша аралығы тіркемелі соқаларда 30...35см және аспалыларда 20...30см тең болуы тиіс. Шымаударғыштың егістік кесіндісі, негізгі корпустың егістік кесіндісі жазықтығында жатуға тиіс,жыртылмаған егістік жағына ауыстыруы 15мм ге дейін болуы мүмкін.Дискілі пышақ шымаударғыштың алдына,корпустың сол жақтағы кесіндісінен алаң жағына қарай дисканың шығынқылығы 1…3см, ал шымаударғыш шетінен бір сантиметрдей болатындай етіп қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады.Дискі орталығы шымаударғыш түрені тұмсығының үстіне қондырылады, ал диск пышағы пышағы жүзінің төменгі нүктесі, оның тұмсығынан 2…3см төмен болуы тиіс. Шым аударғыш –бұл алым ені 23см дақылдық жұмыс беті бір кішігірім корпус.Шым аударғыш топырақтың жоғары қабаты12см –ге дейінгі тереңдікте кесіп, ұсақтап, аударып, оны борозда түбіне салуға арналған.Соның нәтижесінде арамшөптер мен өсімдік қалдықтары көміліп қалады.
Пышақ- топырақты тік жазықтықта кеседі, топырақ қабатын жақсы аударуға ықпал жасайды, соқаның тұрақты жүруін және жырту тереңдігін бір қалыптылығын қамтамасыз етеді.Пышақ дискілі, сапты және жалпақ болып бөлінеді.Диск пышағы өзінің өсінен еркін айналып тұруы қажет. Диск пышағы жүзінің қалыңдығы 0.4мм аспайды. Пышақ тірегі мен
Оның айырының еркін жүрісі тәжді шайба арқылы реттеледі. Артқы тіреуіш доңғалағы жер жырту тереңдігін реттеуге арналған.Тиісті тереңдікке қою үшін тірекке белгілер жасалынған. Артқы тіреуіш доңғалағы тіректен (4), тұтқыштан (3), жартылай осьтен (10)және доңғалақ дискілі құрсаудан (12) тұрады.Түреуіш доңғалағы негізгі аралыққа орналасады.Оны жоғары көтеру немесе төмен түсіру винт тұтқасын бұрау арқылы орындалады. Алдыңғы боразда доңғалақ механизмі корпустың тіреу жазықтығына қарай боразда доңғалағын орнатуға және реттеуге арналған, сондай-ақ соқаны жұмыс қалпынан тасымал қалпына келтіру( немесе керісінше) қызметін де атқарады. Алдыңғы борозда доңғалағының механизімі негізге аралыққа құрастырылады.