Еңбек қауіпсіздігін сақтау шаралары .
Соқамен жұмыс істеуге арнайы куәлігі бар және еңбек қауіпсіздігін сақтау ережесі бойынша нұсқаудан өткен адам жіберіледі. Түренді айырбастау және бөлшектерді қатайту жұмыстарын трактор маторы өшіп тұрған кезде орындау керек.
Соқаның негізгі жұмыс органдары:
1-дискілі пышақ,
2- шым аударғыш,
3- түрен,
4-қайырма,
5-жақтау (атыз тақтасы),
6- корпус,
Соқаның қосымша жұмыс органдары:
1-рама;
2-тіреуіш доңғалағы
3-СА-2 автотіркеуіш қулпы.
СА – 2 автотіркеуіші бар тракторға арналған бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН – 5-35 плугы құрамында тасы жоқ, меншікті кедергісі 88,3 кПа болатын топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. 88,3-дан артық топырақты жырту үшін плугты төрт корпусты етіп жабдықтауға болады, ол үшін шым аударғышымен қоса бесінші корпус алынып тасталады. СА – 2 автотіркеуіші екі бөліктен – соқаның өзіне бекітілген құлыптан және трактордың аспалы гидрожүйесіне бекітілген автотіркеуіштің өзінен тұрады.
Жаңа сабақты бекіту: 25 минут
1-тапсырма
Соқаның құрылысын атап берініздер?
2-тапсырма
Дискілі пышақтың қызметін атаңыздар?
3-тапсырма
Корпус қандай бөлшектерден турады?
4-тапсырма
4. Түреннің қызметі ата.
Түреннің алым ені.
Кестемен жұмыс: әр соқаға жеке сипаттама жаз.
1-кесте
Соқалар
|
Сипаттамасы және агрегатталатын трактор түрлері
|
ПН-4-35
|
|
ПЛН-3-35
|
|
ПЛН-5-35
|
|
ПТК-9-35
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |