Сабақтың жоспары: Бақылау бордақылау әдісі Бақылаудағы өсіру



Дата25.09.2024
өлшемі20,09 Kb.
#145759
түріСабақ
Байланысты:
Ұрпақтарының сапасы бойынша сұрыптау


Сабақтың тақырыбы: Ұрпақтарының сапасы бойынша сұрыптау


Сабақтың жоспары:

  1. Бақылау бордақылау әдісі

  2. Бақылаудағы өсіру

  3. Тексерілетін қабандар мен мегежіндерді бағалау және сұрыптау

Сұрыптаудың ақырғы этапы шошқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша іріктеу. Шошқа тұқымын жетілдіруде қабандарды ұрпақтарының сапасы арқылы сұрыптау көп қолданылады. Себебі шошқаларды қолдан қашыру кеңінен пайдалануда. Осы әдіс бойынша қабандарды ұрпақтарының бордақылау және ет сапасы бойынша анықтап, оларды жұп таңдауға кеңінен пайдаланылады, яғни табынды әрі қарай жетілдіруге қатты әсерін тигізеді. Қабандар ұрпақтары бойынша сұрыптаған кезде екі көрсеткіш бойынша жасайды.


Бақылау бордақылау әдісі. Қабандар мен мегежіндерді ұрпақтың еттік және бордақылау сапасы бойынша мемлекеттік бақылау станцияларында ғылыми зерттеу мекемелерінде бағалайды немесе арнайы салынып жабдықталған шаруашылықтардағы қораларда тікелей бақылау бордақысын ұйымдастырады. Ең алдымен негізгі табынға көшірілетін жас аталық қабандарға баға беріледі. Оларға әдетте екі торайлаған мегежіндерді реттеп алады. Үш және көп торайлаған аналық мегежіндерді ерекше қасиеттерін тексеру арқылы немесе жеке іздердің үйлесімділігін анықтау арқылы реттейді. Қабандар мен мегежіндерді өсіру барысында өзіндік өнімділігі алдын-ала бағаланғаннан кейін ғана ұрпақтың еттік және бордақылау сапасы бойынша бағалайды. Қабанның еттік және бордақылау сапасы бойынша ең соңғы бағасы оның кем дегенде 3 ұрпағын бақылау бордақысынан өткізгеннен кейін ғана анықталады, әр топта 4 торайдан 112 бас болуы керек. Деректердің барынша анық болуы үшін қабан ұрпағының бес тобын (20 бас) бордақылаған тіпті дұрыс болады. Мегежіндерді төртеуінің (3-тен кем болмауы керек) орташа тірілей салмағы бойынша және ұялас марқа торайдың дамуына қарай бағалайды.
Ата-ене жұбын бағалау үшін ұяластан әрқайсысының салмағы 16 килограмнан кем емес, 2 айлық екі мегежінше және екі қабанша сұрыптап алынады, қабаншаларды пішеді. Марқа торайларды бақылау бордақысында жеке күтеді немесе бір ұялас ұрпақтарды 2-4 бастан топтап күтсе де болады. Бір басқа бөлінетін қорадағы орын 1,2 шаршы метрден кем болмауы керек.
Қорадағы орынды жемшашарлармен (топтап күткен кезде үлестіргіштермен), автосуарғыштармен, жем беретін күбілермен (оған тәуліктік жем сыятындай болуы керек) жабдықтайды. Шошқа қорада жем үлестіруге және хайуанатты өлшеуге арналған таразы болуы керек. Бақылау бордақысы өтетін қора жыл бойы ауа температурасын шамамен +18°,+20°С деңгейде ылғалдылының 70% температура ұстап тұратын техникалық құралдармен жабдықталады. Шошқаларды есептеу кезеңі басталғанға дейін малдәрігерлік профилактикадан және дегельминтизация курсынан өтуі қажет.
Бордақылаудың сапасын төмендегі көрсеткіштер бойынша бағалайды:
А) салмағы 100 кг жеткен кезіңдегі жасы (күн есебімен);
Б) 30 дан 100 кг дейін бордақылау кезіңдегі орташа өсім (г);
В) 30 дан 100 кг дейінгі бордақылау кезіңдегі 1 кг салмаққа жұмсалған жемнің мөлшері (азық өлшемі бойынша).
Бақылаудағы өсіру. Бақылаудағы өсіру әдісімен ұрпақтар бойынша кәдімгі шаруашылық жағдайынла аталықтарта баға беріледі. Қарқынды өсіп, дамуы үшін қолайлы жағдай жасалынып, мал басын толықтыратын жас төлдерді бағалау керек. Шошқалар көктемгі-жазғы-күзгі кезеңде балауса жасыл азықпен қоректеніп, таза ауада көбірек серуендейтін болалы. Тірілей салмағы 28-30 кг жеткенше бақылауда өсіріліп, 100 кг жеткенде бақылауға арналған өсіру аяқталады. Шошқалар сойысқа жіберілмейді.
Бордақылау және еттік сапасы мына көрсеткіштер бойынша бағаланды:

  1. тірілей салмағы 100 кг жеткен кездегі жасы (ай есебімен);

  2. өсіру кезіндегі орташа өсім, г;

  3. тірі кезіндегі 6-7 арқа омыртқалары аймағындағы қыртысмайдың қалыңдығы (ультрадыбыс немесе баска қүралдардың жөрдемімен өлшенеді).

Шошқаның тірі кезіндегі өсіп-өнуі профессор Ю.К: Свечин жасаған дененің сыбағалы салмағы арқылы мына формуламен бағаланады:
Тірілей салмағы, г х 1256 .
Көкірек орамы, см2 х тұлғаның ұзындығы, см
Тексерілетін қабандар мен мегежіндерді бағалау және сұрыптау. Бағалау инструкциясы бойынша тексерілетін мегежіндерді бірінші төлдеудің қорытындысы бойынша бағалайды (көптөлділігі, сүттілігі, торайлардың сақталуы және оларды бөлген кездегі тірілей салмағы). Ал, мегежін 1-іш класқа қойылатын талаптарға сай келмесе, торайларды бөліп алғаннан соң жарамсыз деп етке өткізіледі.
Толықтырғыш топтағы қабанды қашыру қабілетіне және ол қашырған мегежіндердің көптөлділігіне қарай бағалайды. Қабандарды қашыру қабілеті төмен болса, оларды жарамсыздандырып етке өткізуге дайындайды. Қалғандарын ұрпақтарының қасиеті бойынша тексереді: торайлардың 2-4 айлық тірілей салмағы және соңында олардың бордақылану және еттік қасиеті бойынша бағаланады. Тез жетілетін үрпақ, сойыс шығымы жоғары торайлар берген қабанды негізгі табынға ауыстырып, әрі қарай оларды қыздарының өнімділігі бойынша тексереді. Тексерілетін қабандар мен мегежіндерді сырт пішіні, дене бітімі, тірілей салмағы мен дене өлшемдері арқылы бағалайды. Негізгі табынға дене бітімі мықты, тірілей салмағы жоғары, денесі ұзын, сырт пішінінде кемістігі жоқ малдарды ауыстырады. Негізгі табындағы қабандар мен мегежіндерді жыл сайын сыртқы пішініне және өсуіне, өнімділігі мен тұқымқуалаушылық қасиетіне қарай бағалап отырады.
Материалдардың жинақталуына қарай, оларды табындағы балалары мен қыздарының өнімділігі, бақылау бордақылану қасиеті бойынша толықтыра отырып бағалайды.

Бақылау сұрақтары:

  1. Бақылау бордақылау әдісі қалай жүргізіледі?

  2. Бақылаудағы өсіру ерекшелігін сипаттаңыз?

  3. Тексерілетін қабандар мен мегежіндерді бағалау және сұрыптау жұмыстары қалай жұргізіледі?


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет