Жалпы психология - ересек адамдардың психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейді
Психологияның салалары
Жас ерекшелік психологиясы, психиканың әр түрлі кезеңдеріндегі психикалық ерекшеліктерін зерттейді, балалар мен әр түрлі жастағы оқушылардың психикалық ерекшеліктерін (бұл жас ерекшелігінің саласы балалар психологиясы деп аталады)
Педагогикалық психология, өскелең ұрпақты оқыту (оқыту психологиясы) мен тәрбиелеу (тәрбие психологиясы) заңдылықтарымен айналысатын психология саласы
Әлеуметтік психология, топтар және ұжымдар психологиясы мен ондағы адамдардың өзара қатынастары болып табылатын психология саласы
Еңбек психологиясы, әр түрлі еңбек іс-әрекет түрлерінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады (оның бір түрі — инженерлік психология — адамның еңбегін өндірістің қазіргі механикаланған және автоматтардырылған жағдайында зерттейді)
Ғарышкерлік психология — адам психикасын ғарышқа ұшу жағдайында зерттейтін психологиясы саласы
Әскери психология, әскери қызметкерлердің психикалық іс-әрекетімен, соғыс немесе әскери жағдайда адамның мінез-құлығымен істес болатын психология саласы
Спорт психологиясы, спорттық іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру заңдылықтарын және спортшыларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін психология саласы
Арнаулы психология - бұл адам дамуының бірқалыпты даму жолынан ауытқуын, ми ауруына ұшырағандардың психикалық күйзелістері мен осы саладағы әр қилы аурулардың себептерін қарастырады
Олигофренопсихология – ми зақымы ауруымен туған адам психологиясының дамуын зерттейді
Сурдопсихология – саңырау не керең болып туған балалардың психикасын зерттейді
Тифлопсихология – нашар көретіндер мен соқырлардың психологиялық дамуын зерттейді
Патопсихология – психиканың зиянды бұзылыстарын зерттейтін психология саласы
Зоопсихология - жануарлар психикасын зерттейтін ғылым
Достарыңызбен бөлісу: |