Эксперимент – психологиялық деректер анықталатын шартарды жасау мақсатында зерттелінушінің іс-әрекетіне белсенді түрде араласу
Лабораториялық - арнайы жабдықталған зертханаларда өтеді, арнайы құрал-жабдықтар пайдаланылады, зерттелінушінің әрекеттері нұсқаулармен анықталады.
Табиғы – зерттеуші керек құбылысты табиғи жағдайда тудырып отырады. Әртүрлі жас кезеңінің танымдық мүмкіндіктерін зерттеу кезінде пайдаланылады.
Эргограф – денедегі бұлшық еттерді тіркеп отыру үшін пайдаланылады
Аудиометр – есту түйсіну мүшесін өлшеу үшін
Хроноскоп – психикалық үрдістердің пайда болу шапшаңдығын өлшеу үшін
Эстезиометр – тері түйсіну мүшесінің сезгіштігін байқау үшін пайдаланылады
Психологиялық-педагогикалық эксперимент – бұл педагогикалық психологияда кеңінен қолданылып, баланы оқыта (тәрбиелей) отырып зерттеуге мүмкіндік беретін табиғи эксперименттің бір түрі. Психологиялық-педагогикалық эксперименттің негізгі ерекшелігі, мақсаты зерттеу емес, белсенді түрде жеке тұлғаның психологиялық қасиеттерін өзгерту, қайта құру, қандайда бір психикалық іс-әрекетті қалыптастыру болып табылады.
Анықтаушы – белгілі қасиет пен сапаның даму деңгейін анықтау үшін пайдаланылады.
Қалыптастырушы – сәкес қасиетті қалыптастыру үшін мақсатты әрекет ету.
Бақылаушы – оқыту жұмысының нәтижелілігін анықтау үшін жүргізіледі.
Өмірбаянды зерттеу әдісі – (күнделіктерге, өмірбаяндарға, естеліктерге, сақталған мектеп шығармаларына, іс-қағаздар мен құжаттарға және т.б. негізделген) психиканы адамның өмірбаянын зерттеу негізінде анықтау. Мысалы: зерттелініп жатқан адамда белгілі бір іс-әрекетке бейімділік қалай қалыптасты; өмір барысында кімдермен кездесті және олар оның тұлғасының қалыптасуына қалай әсер етті; қандай қасиеттер, қабілеттер қашан және қалай көрінді және т.б.
Егіздер әдісі генетикадан алынған
Ажыратылған егіздер әдісі – психиканың қалыптасуына ортаның әсерін зерттеу үшін арналған. Егіздер жұбы әдісі – жұпаралық ұқсастықты салыстыру үшін арналған.
Достарыңызбен бөлісу: |