Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет15/22
Дата17.11.2022
өлшемі92,99 Kb.
#50743
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Лекция

11 дәріс. Ес
Сабақтың жоспары:

  1. Естің физиологиялық, психологиялық теориялары.

  2. Бихевиоризмдегі ес жайлы түсініктер. Қимыл дағдыларын қалыптастыру. Дағды және ес.

  3. Ес және іс-әрекет. Ырықты есте қалдырудың сипаттамасы. Мнемикалық бағыттылық ұғымы.

  4. Ес – бағдарлаушы әрекет ретінде.

  5. Еске қалдыруға, сақтауға материалдың сипаттамасының әсер етуі.

  6. Есте сақтаудағы жаттығулардың рөлі, оқу деңгейінің есте сақтауға әсері. Уақыт бойынша естің өзгеруі.

  7. Естің заңдылықтары.

  8. Ұмыту және реминесценция.

Ес туралы жалпы ұғым
Адам психикасының жоғары деңгейде дамығандығының арқасында көптеген нәрселерді орындай, жасай алады. Біздің қоршаған ортадан алған әсерлеріміз есімізде белгілі із қалдырады. Ол іздер жеткілікті уақытқа сақталады және қажет жағдайда жаңғырады. Сонымен, бұрын қабылданған түрлі әсерлерді, бейнелерді, көңіл-күйлерді, әрекеттерді және білімдерді есте қалдыруды, есте сақтауды, қажет кезінде қайта жаңғыртуды немесе ұмытуды ес деп атаймыз. Адам естің арқасында бұрынғы білімдері мен біліктерін жоғалтпай ақпаратты жинақтай алады. Осылайша, ес - бір-бірімен байланысты жеке процестерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға қажет, ол жеке өмір тәжірибесін жинақтап, сақтап, оны пайдалануға мүмкіндік береді. Оны түрлі зерттеулерден білуге болады. Мысалы, гипнозға енген адам есіне барлығын түсіре алады (феноменалды ес). Бұл феноменнің себебін ес зерттеушілері В.С. Роттенберг және Дж. Грезельер гипнозда бейнелеу есі басым болуының себебі, мидың үлкен шарларының оң жартысының бақылаудан босатылумен деп түсіндіреді. Канадалық нейрохирург Уайлдер Пенфилд миға операция жасаған кезінде тоқпен мидың түрлі орталықтарын қоздырған. Сол кезде, арнайы аппарат арқылы пациент наркозда болса да, бұрын естіген және ұмытылып кеткен әңгімелер мен әндерді жаңғырта алғанын анықтаған. Сонымен, адамның есте сақтау қабілеті өте мол. Адам есінің 10 миллионнан астам белгілерді сақтай алады, бірақ қайта жаңғыртудың әр түрлі қиыншылықтарынан және бұл көлемнің бәрін саналы кезінде қолдана бермегендіктен, көп нәрсені еске түсіре алмаймыз.
Ертедегi гректерде eстi ерекше қастерлеген. Естің құдайы әйел адам Мнемозина болған. Ол өнер мен ғылымның жаратушы анасы деп есептелген.
Бұл қарапайым түсiнiктерде терең ой жатыр: ес барлық жаңаны жасаудың, демеқ шығармашылықтың негiзi шарты.
Адам үздiксiз қандай да болсын жаңаны ойлап табады. Ол автомобиль немесе станоктар, музыка немесе кинофильм, ғылыми теориялар немесе Жердің жасанды cepiктepi. Жеке адамдардың жасаған тәжiрибесi iз-түссiз, сақталмай жоғалып кeтyi мүмкiн емес. Тек қана шығармашылық емес, сонымен қатар жалпы кез-келген адамзат қабiлеттiлiктерiнiң дамуынсыз, адамның алға қарай қозғалысы мүмкін болмас едi. Адам ешнәрсеге үйренбеген болар едi. Үйрену дегенiмiз - белгiлi бip тәжiрибенi меңгеру, оны сақтау, болашақ өмipдe қолдану. Ал бұл тәжiрибенi ес үрдiсi сақтайды.
Адамның eciн жануарлардың тәжiрибе жинақтауға қабiлеттiлiгiмен салыстырyға болмайды. Олар әртүрлi, демеқ ес aғза дамуының, оның iшiнде адам aғзасы дамуының қажеттi шарты болып табылады. Демеқ ес - кез- келген iс-әрекеттiң қажеттi шарты.
Барлық психикалық құбылыстар еске сүйенеді және ес негізінде жүзеге асады. Орыс физиологы И.М. Сеченов айтқандай: «Ес барлық психикалық дамудың негізінде жатады». Егер сезімдеріміз, ойларымыз немесе әрекеттеріміз сақталмаса, олардың байланысуы мен әрекеттесуі мүмкін болмас еді.
С.Л. Рубинштейн айтқандай: «Біз еске ие болмасақ бір сәттік тіршілік иесі болар едік. Біздің өткен өміріміз болашағымыз үшін жоқ болар еді».
Егер де ес болмаса, онда бiз қазiргi қабылданған заттар мен құбылыстарды ғaнa есте сақтаған болар едiк. Бүкiл қабылданғанның бәрi бiзге жаңа сияқты көpiнep едi. Адам eстi болуының арқасында ептіліктер мен дағдыларды меңгередi, бiлiмiн 6айытады, өзiнiң ой-өрiсiн кеңейтедi.
Ес ic-әрекет және басқа психикалық үрдiстердi дамыту үшiн мәнi орасан зор. Ес үрдiсi бiздiң қабылдауларымызды байытады.
Неғұрлым адамда елестетулер мен бекiтiлген бiлiмдер бай болса, солғұрлым қабылдауларымыз мазмұңдырақ, толығырақ және дәлiреқ қиялдың, ойлаудың, сөйлеудiң және epiк-жiгердiң қызметi жемiстiрек болады.
Ес адамзат қызметiнiң барлық түрлерiнде маңызды рөл балаларда кейбiр бiлiмдердiң, ептiлiктердiң және дағдылардың болуын қажет етедi. Кез- келген еңбек-дене, ақыл-ой еңбегi қажеттi бiлiмнiң, икемдiлiктердiң және дағдылардың болғанында ғана мүмкін.
Әсipece, оқыту үрдiсiнде eстің мәні ерекше. Мектепте оқытудың бiрiншi және негiзгi мiндетi оқушыларды бiлiм негiздерiмен қаруландыру болып табылады.
Ес aдaмғa қажеттi күрделi үрдiс, бip-бiрiмен байланысты бiрнеше жеке үрдiстерден тұрады. Ол aдaмғa жеке өмiрлiк тәжiрибенi жинақтаyға, есте сақтаyға және кейiн пайдаланyға көмектеседi. Барлық бекiтiлген бiлiмдер мен дағдылар eстің жұмысына жатады.
Психология ғылымы өзiнiң алдына ес үрдiсiн зерттеу туралы бiрнеше күрделi меселелердi қойып отыр.
Ес психологиясы төмендегi мәселелерге жауап берудi қажет етедi: қаншалықты бұл iздер адам есiнде ұзақ сақталады, қысқа және ұзақ мерзiмдерге iздердi сақтаудың амалдары қандай, адамның таным үрдiстерiнiң іске асуына қалай әсер етедi?
Ес психологиясы психология ғылымының жан - жақты зерттелген бөлiмдерiнiң бipi ретiнде саналады. Бiрақ, қазiргi кезде eстің заңдылықтарының одан әpi зерттелуi оның психология ғылымының елi де өзектi проблемасы екендiгiн дәлелдейдi. Ес проблемасын белгiлi дәрежеде зерттелуiнуi әртүрлi ғылымдардың дамуы, оның тiлiнде психолoгиядан қашық делiнгeн ғылым салаларымен (ең алдымен техникамен) байланысты eкені белгiлi.
Естің жүйке жүйелік жағынан физиологиялық негіздері, ол ми үлкен жарты шарлар қыртысымен күрделі әрекетпен байланысты болады. Сыртқы тітіркендіргіштер мида өзіндік «іздер» қалдырып отырады. Мұны ашқан И.П. Павлов болды, ол естің негіздерін шартты рефлекстермен түсіндірген. Мысалы, итке тамақ беру алдында шартты қоздырғыш ретінде жарықпен әсер етуді қолдансақ, осындай бірнеше қайталанудан иттің аузынан сілекей аға бастайды, яғни шартты рефлекс қалыптасады. Осы жағдайда иттің миында екі жүйке орталығы, бірі – көру, екіншісі – тамақ орталығы қозу жағдайында болып, бұл екеуінің арасында уақытша жүйке бекіп, бір қалыпқа түсуі мүмкін. Бұл механизм адамда да мидағы жүйке байланыстары арқылы қалыптасып отырады. Егер адамның желкесіне зақым келетін болса, ол бұрын көрген нәрсесін тани алмайды. Егер самайына зақым келсе, адам естігенін екінші рет естігенде түсіне алмайды.
Осылай, естің мидың үлкен жарты шарлары қыртысының әрекетімен байланысты екендігін білуге болады.
Ес барлық тіршілік иелерінде болады, бірақ ес адамда ғана жоғары даму деңгейіне жеткен. Адамда кездесетін мнемикалық мүмкіндіктер жер бетіндегі ешқандай жануарда кездеспейді. Адамға дейінгі жануарларда екі түрлі ес болады: генетикалық және механикалық ес. Алғашқысында, өмір сүруге қажетті биологиялық және мінез-құлықтық қасиеттер ұрпақтан-ұрпаққа генетикалық жолмен беріледі. Екіншісі, үйренуге, өмір тәжірибесін игеруге қабілеттілік формасында көрінеді. Жануарлардың есте сақтау қа-білеттері шектеулі. Олар шартта-рефлекторлық, оперативті үйрену әдістері арқылы меңгерілген нәрселерді ғана есте сақтап, қайта жаңғырта алады.
Балаларда естің жоғары түрін алғаш рет бір жүйелі зерттеуде психология ғылымының көрнекі өкілі Л.С. Выготскийдің еңбектері орасан зор. Ол 20-жылдардың аяғында алғаш рет естің жоғары түрінің дамуы туралы мәселені зерттеуге кірісті болатынды және өзінің шәкірттерімен бірге естің жоғары түрі психикалық қызметтің күрделі түрі екендігін көрсетіп берді.
Генетика және молекулярлық физиологияның, сонымен қатар кибернетиканың дамуына байланысты соңғы бірнеше онжылдықта естің биологиялық негіздері мен физиологиялық амалдарын зерттеу өзіне ерекше назар аударды. Бұл зерттеулердің бір бөлігі нейрондық деңгейде, демек, жекелеген жүйке жасушаларының жұмысын зерттеу деңгейінде және олардың кешендері еске сақтау үрдісінде жүргізілді. Бірақ ақпараттың есте қалдыру және қайта жаңғырту үрдістерінде мидың әртүрлі жасушаларының ролі туралы, сонымен қатар молекулярляқ деңгейде іске асып жатқан өзгерістердің ес үшін маңызы туралы сұрақтарға толықтай біржақты, сендіретіндей жауаптар әзірше алынған емес. Сондықтан да жоғарыдағы айылған ойларды тек қызықты жорамал ретінде қарастыруға болады. Осыған байланысты ес жұмысының заңдаоын түсіну үшін ерекше пайдалы және оны басқарудың тәсілдерін талдау естің психологиялық теориялары болып табылады.
Ес туралы соңғы кезде әртүрлі теориялар қалыптасады: олардың ішінде естің зерттеу амалдары мен заңдылықтарын зерттейтін психологиялық, физиологиялық, биохимиялық, кибернетикалық теорияларды ерекше атауға болады.
Психологиялық деңгейде ес механизмдерін зерттеу хронологиялық тұрғыдан басқа теориялардан ертерек қалыптасқан, әрі кеңінен тараған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет