Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет18/22
Дата17.11.2022
өлшемі92,99 Kb.
#50743
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
Лекция

Әдебиеттер:

  1. Алдамұратов Ә. Жалпы психология: Оқу құралы Алматы: Білім, 1996.- 224 б.

  2. Алдамұратов Ә., Рақымбеков Қ., Іргебаева Н. Және т.б. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 224 б.

  3. Жалпы психологияға кіріспе: Оқу құралы / Жауапты ред. С.М. Жақыпов.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. - 230 б.

  4. Жарықбаев Қ.Б. Жантану оқулығы: ҚР жоғары оқу орындары студенттеріне арналған / Қ.Б. Жарықбаев. - Өңделіп, толықтырылып сегізінші басылуы.- Алматы, 2008. - 638 б.

  5. Жарықбаев Қ., Жалпы психология: Оқулық / Қ. Жарықбаев.- Өнделіп, бесінші басылуы.- Алматы: Эверо, 2004.- 378 б.



13 дәріс. Қиял
Сабақтың жоспары:

  1. Қиял туралы жалпы ұғым

  2. Қиялдың адам өміріндегі және организмді реттеудегі рөлі

  3. Қиялдың физиологиялық механизмі

  4. Қиялдың түрлерін атаңыз

  5. Адам өміріндегі армандаудың рөлі

  6. Қиял бейнелерін қалыптастырудың негізгі кезеңдері

  7. Негізгі заңдылықтар мен агглютинация процесі

  8. Қиялдың жеке ерекшеліктері

  9. Шығармашылық міндеттерді шешудегі қиялдың рөлі

Қиял туралы жалпы ұғым
Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім мүшелерімізге ондаған және жүздеген әр түрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикасының ең қызықты феномендерінің бірі шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір өңдеуден өтеді. Мұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.
Сонымен, қиял – нақты шынайылықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі түсініктерді қайта жасайтын процесс. Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасау қажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі. Мысалы, адам өзінің сипаты мен қасиеті жағынан әлі толық жетілмеген еңбек операциясын жасау үшін өзінің көзқарастарына сәйкес келетін басқа құралдарды көз алдына елестетті. Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында, қиял тек еңбекте ғана емес, сонымен қатар адамның фантазиясында және арманында яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастады.
Қиялдың ғылыми техникада және көркем шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастады. Алайда бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана рөл атқарады.
Қиял екі психикалық процеспен: ес және ойлаумен тығыз байланысты. Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдына келтіргісі келетін болса, ол еске жүгінеді. Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса, біз қиял туралы айтамыз.
Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады. Мысалы, фантастикалық романдарды оқи отырып, сіз ойдан жасалған кейіпкерлер (жезтырнақ, дәу) бәрі бір өзінің түр–келбетімен бізге танымал объектілерге ұқсас екенін аңғарамыз. Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып, біз оны толықтай көз алдымызға елестете аламыз. Оқиға бір–бірімен байланыссыз фрагменттер түрінде емес, тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс. Осылайша, материалдың өзіндік қайта өңделуі жүреді, яғни өндіру процесінде біздің қиялымыздың іс–әрекеті көрінеді.
Қиялдың іс–әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты. Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады, оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі. Демек, қиял біздің іс–әрекетімізді реттеуде үлкен рөл атқарады.
Қиял біздің ерікті іс–әрекетердің жүзеге асуымен де байланысты. Мысалы, мақсат еткен мүдделі ісін жүзеге асыру үшін адам оның әр түрлі жолдарын іздестіреді. Бұл қиялмен тығыз байланысты. Адамның ерік–жігері, қайраты оның жоспарлаған мүдделі ісін жүзеге асыруынан көрінеді.
Сонымен, қиял дегеніміз өткен тәжірибеде болған қабылдаулар мен елестерден алынған материалдарды қайта өңдеу жолымен жаңа бейнелер (елестеулер) жасауда көрінетін психикалық үрдісті айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет