Әдебиеттер: 1. Жарықбаев Қ., Қазақ психологиясының тарихы / Қ. Жарықбаев.- Алматы: Қазақтан, 1996. - 160 б.
2. Бап-Баба Сәбет Балтаұлы (Бабаев), Жалпы психология: Жоғары оқу орындары студенттеріне арналған дәрісбаяндар жинағы / С.Б. Бап-Баба.- Алматы: Дарын, 2003.- 275 б.
3. Гиппенрейтер Ю.Б., Введение в общую психологию: Курс лекции / Ю.Б. Гиппенрейтер; Учеб. пособие.- М: Юрайт, 2000.- 336 с.
4. Немов Р.С., Психология: Учеб. для студ. высш. пед. учеб. заведений: в 3 кн. / Р.С. Немов.- 4-е изд. - М: ВЛАДОС, 2005. – 450 с.
5. Климов Е.А., Основы психологии: Учебник для вузов / Е.А. Климов. - 2-е изд., перераб. и доп..- М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2003.- 462 с. - (Серия "PERFІCE TE")
5. Немов Р.С., Психология: Учеб. для студ высш. учеб. заведений / Р.С. Немов; В 3-х кн. Кн. 3..- 4-е изд. - М.: Владос, 2003.- 640 с.
8 дәріс. Қабілет Сабақтың жоспары: 1. Қабілет туралы түсінік және оның адам өміріндегі рөлі.
2. Қабілеттің табиғаты туралы түсінік және оның даму тарихы.
3. Қабілет, білім, іскерлік, дағдылардың өзарақатынасы.
4. Қабілеттің табиғатындағы биологиялық пен әлеуметтіктің өзарақатынасы. Нышан туралы түсінік.
5. Қабілеттің құрылымы.
6. Жалпы және арнайы қабілет.
7. Қабілеттердің іс-әрекетте қалыптасуы мен дамуы.
8. Қабілеттің адамның жеке-типологиялық ерекшеліктерімен байланысы.
9. Дарындылық, талант, данышпандық туралы түсінік.
10. Дарынды бала тұлғасының дамуының психологиялық ерекшеліктері.
11. Қабілетті бағалау мәселесі.
Қабілет туралы жалпы түсінік
Мұғалім өз шәкірттерiн бақылай отырып, мінездеме бергенде бiреулерi оқуға ерекше қабілетті, кейбipеулерiнің қабiлеттiлiктерi нашар екеңдiгiн негiзсiз айтып отырған жоқ. Шәкірттердің мектепте оқылатын жекелеген пәндерге қабілеттілiктерi әртүрлі келедi. Бiрi - математикаға қабілеттілiк аңғартса, бipақ ауызша және жазбаша сөйлеуде өз ойын толықтай жеткiзе алмайды. Екiншiсi - әдебиет пен тiлге, жалпы гуманитарлық ғылымдарға бейiм келедi, бiрақ математика, физика, химия сияқты ғылымдарды меңгеруде қиындықты кездестiредi.
Қабiлет тек қана iс-әрекетте аңғарылады. Адамды ic-әрекетте байқап қарамай, оның қабілетті немесе қабілетсiз екендiгi туралы айтудың өзi дұрыс болмас едi. Егер бала музыкалық ic-әрекеттің қарапайым түрлерімен айналыспаған болса, егер оны әлi де музыкаға оқытпаған болса, музыкаға қабілеттілiгiн айтуға болмайды. Тек музыкалық бiлiм беруге оқыту үрдісiнде оның қабілеттілiгi қандай болады, ырғақты сезiну, есту қабiлетi, музыкалық eсi тез және жеңiл немесе жай және қиын қалыптасатындығы анықталады.
Белгiлi iс-әрекетте қабілеттілiктер тек байқалып қоймайды, сонымен қатар дамиды. Адам белгiлi iс-әрекетке қабілетті болып тумайды, оның қабілеттілiктерi қалыптасады, дұрыс ұйымдасқан iс-әрекетте дамиды. Арнайы ic-әрекеттен тыс қабілеттілiктердің дамуы мүмкін емес.
Шәкірттердің қабілеттілiктерiн анықтауда мектеп ұстаздары кейде ешқандай тексерусiз, ic-әрекетте байқап көрмей, негiзсiз "бұл оқушының ешқандай қабiлетiлiгi жоқ" - деп, асығыс қорытынды жасайды. Себебi - оқушы әлi де икемдiлiктің, дағдының, берiк бiлiмнің және қалыптасқан жұмыс тәсiлiнің қажетті жүйесiн қалыптастырмауының салдары.
Мәселен, жас кезiнде ешқандай қабілеттілiк аңғартпаған, бiрақ кейiннен дами келе аты әлемге белгiлi болған А.Эйнштейн мектепте нашар оқитын шәкiрттердің қатарында болады.
Бiр немесе бiрнеше ic-әрекеттiң түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетiн қабілет деп атаймыз.
Қабілет әр уақытта да белгiлi бiр ic-әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген қабілеттілiк белгiлi бiр icтi орыңдауға бағытталады: оқу пәндерiне, еңбектің түрлеріне қабілеттілiк аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілiгi тек жақсы музыкалық есту қабiлетiмен шектелiп қоймайды. Бiр ғана құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инженер-конструктор болу мүмкіншiлiгiн қамтамасыз ете алмайды. Кез-келген ic-ерекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуiне байланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндiру үшін ұйымдастырушылық қабілеттілiк, педагогикалық тәлiм және көптеген басқа да қабілеттілiктер қажет.