Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет6/22
Дата11.12.2023
өлшемі95,03 Kb.
#137349
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Дәрістер

5 дәріс. Жеке адам психологиясы

  1. «Жеке адам» ұғымының анықтамасы мен мазмұны.

  2. «Индивид», «субъект», «тұлға», «жеке даралық» ұғымдарының арақатынасы.

  3. Тұлғаның дамуында биологиялық және әлеуметтік детерминант мәселелері.

  4. Тұлғаның құрылымы туралы көзқарастардың дамуы.

  5. Тұлғаның дамуының жалпы заңдылықтары. Тұлғаның дамуы мен өмірлік жолы.

  6. Тұлғаның бағыт-бағдары.

  7. Тұлға теорияларының салыстырмалы талдануы (персонализм, психоанализ, гуманистік психология және т.б.)

  8. Кеңес психологиясындағы тұлға туралы ұғым (А.Ф.Лазурский, Б.Г.Ананьев, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, В.Н.Мясищев, К.К.Платонов және т.б.).

Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады. Алайда «тұлға» ұғымы жалғыз психологиялық ғана емес оны басқа да қоғамдық ғылымдар зерттейді. Олардың ішінде философия, социология, педагогика және басқа да ғылымдар бар.
Тұлға деген кім дегенде психологтар әртүрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. И.С.Конның пікірінше «тұлға бір жағынан іс-әрекет субъектісі ретінде нақты индивидті (адамды), оның әлеуметтік рөлдері мен индивидуалды қасиеттерінің бірлігінде түсініледі, басқа жағынан тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеті ретінде, басқа адамдармен тура және жанама өзара әрекет процесінде еңбектің, танымның және қарым-қатынастың субъектісі ретінде сол адамның интеграцияланған әлеуметтік мәнді қырлардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Тұлға қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәнді болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам.
Тұлға – еуропалық тілмен персона деп аталады. Бұл сөздің шығуы тарихта жасырын болды. Латын тілінде персона этрусск мәдениетенен келген. Этрусск – Римді VI ғасырға дейін жаулаған Аппенин жарты жағалауының солтүстік-батыс бөлігінің елді мекені. Б.э.д. ІІІ ғасырда Римді этрускілер басып алды, осы мәдениеттен латын тілінде кейбір терминдер қалған, солардың бірі персона (реrsona) «термині». Бұл сөз, көне театрда актерлар киген масканы және граматикалық субъектіні білдіреді. Психология ғылымында тұлға деп басқа адамнан айырмашылығы бар, көзге түскен, дарынды адамды айтпайды, бірақ белгілі бір жастан бастап кез келген адамды айтады. К.К.Платоновтың ойынша, «тұлға ол күй...рух пен жан, ол бірде берілетін құрметті атақ емес. Ол өз бейнесін жоғалтуы мүмкін, адамның намысын жоғалту мүмкін...тұлға ішкі және сыртқының гармониясы, интеграциясы, қосылуы».
Тұлға психологиясына не кіреді. Тұлға психологиясындағы анықтамалардың көптігі, әркелкілігі, олардың дәл еместігі деген сұрақтар негізсіз. Біз тұлғаның құрылымын айтпай ол туралы нақты сұрақтарды талдай алмаймыз. Өмірге жаңа келген нәресте «адам» деп аталғанымен, «тұлға» деген атқа көпке дейін ие бола алмайды. Өйткені, кісі болып, ер жету үшін бала оны мен солын, өзінің «менін» басқа «мендерден», яғни басқа адамдардан ажырата білуі тиіс. Сондықтан да нәресте, сәби, бөбектерді кісі, тұлға деп айту қиын. Есейіп, ер жетіп, өз бетінше әрекет ете алатын адамды ғана кісі, не тұлға дейміз. Қандай да болмасын бір іспен айналысатын, азды-көпті өмір тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі, дүниетанымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары бар адамды тұлға деуге болады. Мінез, қабілеті бірсыдырғы қалыптасып үлгерген, өзінің іс-әрекетін тізгіндей білетін, өз бойындағы жаман-жақсы қылықтары үшін жауап бере алатын адамды да кісі, не тұлға дейміз. Тұлғаның түрлері сан алуан. Оның жақсы, озық, ерен, тонжарған түрлерімен қатар жауыз, керітартпа, бұзық, қасқай т.б. толып жатқан өкілдері болады. Мәселен, бүкіл әлемді қан қақсатқан Гитлер адамзатқа жаны қас жауыз тұлға.
Имандылықтың ерекше бір көрінісі халқымыз ерекше қастерлейтін кісілік ұғымы, кісінің аса өнегелі түріне жатады. Төл тілімізде «Он үште отау иесі» (қыз балалар үшін ), «Он бесте отау иесі» ( ұл балалар үшін ) дейтін аталы сөз бар екені де хақ. Осы жасқа келгенде бал дәурен балалық шақ аяқталады. Бұл - өмір талабынан, ауқымы кең тыныс – тіршіліктен туындайтын құбылыс. Халқымыз кез-келгенді кісі дей атай бермей, оны имандылық пен адамгершіліктің басты белгісі, ес жиып, етек жабу нәтижесінде біртіндеп қалыптасатын адамның азаматгық ар-ожданы, кісілік, кескін-келбеті, адамшылықтың өлшемі деп түсінген.
Тұлғаның жеке басынының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай қоғамның мүшесі, қандай таптың өкілі екендігін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. Жеке тұлғаның өмірінің бағытын көрсететін компоненттер өте көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет