Сабақтың жоспары: Психологияға ғылым ретінде анықтама. Ғылыми және тұрмыстық психологияның айырмашылығы



бет8/22
Дата11.12.2023
өлшемі95,03 Kb.
#137349
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Байланысты:
Дәрістер

Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен, туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.
Темперамент – оргонизімнің физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе, жоғары жүйке қызыметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темпераменттің жалпы қозғалысынан да (мәселен, біреулер шапшаң қозғалады, тез қимылдайды, енді біреулер жай қимылдап, асықпай істейді), психиканың күші мен тереңдігінен де (мәселен, біреу өжет, алғыр болса, екінші біреу керісінше, сылбыр, жігерсіз болады), адамның көңіл – күйінің ерекшеліктерінен де (салмақты, тұрақты, жеңіл, тұрақсыз т.б.) эмоция сезімдерінен де (біреу сабырлы, екінші біреу күйгелек т.б.) жақсы байқалып отырады.
Темпераманет туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Ежелгі Грецияның белгілі ғалымы, дәрігер Гиппократтың (б.э.б. 460-356) еңбектерінде бұл жөнінде біраз пікірлер айтылған. Гиппократтың ойынша, әр түрлі темпераменттер адамдар мен жануарлардың денесінде төрт түрлі сұйық заттарға байланысты болмақ. Олар: денені жылытып тұратын – қан, салқындататын – шырын (слизь) құрғататын – бауырдағы сары өт және оған дымқылдық беретін қара өт (талақ). Осы төрт түрлі сұйықтың, араласуының пропорциясын грекше «красис» деп атаған. Ал латын тілінде бұл терминді темпераментум деп атап кеткен.
Сөйтіп, Гиппократ және оның шәкірттері адамдағы темпераменттердің әр түрлілігі организмдегі осы төрт түрлі сұйық заттың бір-бірінен аз – көптігіне байланысты деп түсінген. Мәселен, организімде қанның пропорциясы артық болса, ол сангвиникалық, ал шырын басым болса, флгматик темперамент деп; ал организімде қара өт басым болса меланхолик, организмде сары өт басым болса, холерик темпераменті деп аталады.
Гипократ организімдегі сұйықтардың бірінен екіншісінің басым болуы кейбір аурулардың шығу тарихын түсіндіруге де жарайды деді, ол мидың рөлін түсіне білді, оны бездердің бірі деп санады. Бұл адамның жеке ерекшеліктерін жаратылыстық ғылыми зерттеудің алғашқы қадамы еді.
Рим дәрігері Гален (129-199) темпераменттің санын он үшке жеткізді. Гален организмде жылылық не ғұрлым басым болса, адамның темпераменті күшті болатынын, денесі салқын болса, темпераментті баяулайтынын айтты. Бұл секілді түсініктердің прогрессивтік маңызы зор, өйткені адамның тәнін зерттеу, тәжірбиеге көңіл аудара бастау сол кезде кең жайылған, жан тәнге байланыссыз нәрсе дейтін теріс пікірге берілген үлкен соққы еді.
Орта ғасырдағы ғалымдар темпераментті организімдегі химиялық заттардың құрамына байланысты түсіндіруге тырысты. Кейіннен темперамент организімнің түрліше физиологиялық өзгешеліктеріне, атап айтқанда, қан жолы жүйесінің құрылысына, зат алмасуға, ішкі секрецйя бездеріне т.б. байланысты деген пікірлерде тарауда. Неміс философы И.Кант (1724-1804) өзінің «Антропология» деген еңбегінде темпераменттің төрт түрі туралы толық психологиялық сипаттама берді. Бірақ ол темперамент пен мінез ұғымдарын бір-біріне балама ретінде қарастырды.
Темперамент туралы теориялар ХІХ ғасырдың аяқ кезінде де кең өріс алды. Мәселен, неміс анатомы Гейне темпераменттердің түрліше болуы жүйке жүйесінің тонусына байланысты десе, орыс антропологы Н.Л.Зеланд (1833-1902) ми қабықшасындағы молекулярлық қозғалыстың жылдамдығы мен біркелкілігіне байланысты деді. Көрнекті орыс педагогы П.Ф.Лесгафт (1837-1909) темпераменттерді қан сауыттарының жуандығы мен кеңдігіне байланысты деп тұжырымдады. Темпераменттердің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген академик И.П.Павловтың ілімі темперамент туралы түсінікті ғылыми сара жолға түсірді. Жүйке жүйесінің типтері мен қабығындағы қозу, тежелу процесінің үш негізгі белгісінің (күш қозғалғыштығы) жиынтығынан құрастырылады.
Жүйке процестерінің күшіне – ми қабығының жұмыс істеу қабілеттілігі, яғни сыртқы ортаның түрлі тітіркендіргіштеріне мидың төзімділігі жатады.
Жүйке процестерінің тепе теңдігі деп қозу мен тежелудің бір-біріне тең келуін айтады.
Сөйтіп И.П.Павлов ілімінің айтуынша, жүйке жүйесінің әрбір типінің үш белгісі болады. Мәселен, күшті типтердің бірі – ұстамсыз тип – жұмыс істеу қабілеті күшті, қозу, тежелу процестері бір-бірімен сәйкес келмейтін (қозуы ылғи да басым келіп отыратын) ереше қозғалыстағы тип. Күшті типтердің екіншісі – ширақ типтер деп аталады. Мұнда қозу мен тежелу процестері бір-біріне тең келіп, тез алмасып отырады. Күшті типтің үшіншісі – тежелу бір-біріне тең келіп, бірақ алмасуы саран, баяу қозғалатын тип. Әлсіз типте қозумен тежелу процестері баяу көрініп отырады. Күшті тітіркендіргіштердің әсерінен туатын шектен тыс тежеулерде әлсіз типте жиі болып отрады. Мұндай кейде күшті типтер сыртқы дүниеден келетін түрлі әсерлерге төзімді келсе, әлсіз тип морт сынып кететін болады. Павлов ашқан жүйке жүйесінің негізгі типтері темпераменттердің физиологиялық негіздерін жақсы түсіндірдеі. Павлов сангвиниктерді – ширақ, жүйке жүйесі күшті, қозу мен тежелуі тең, қозғалғыш адам; холериктерді – ұстамсыз, жүйке жүйесі күшті, қозуы тежелуінен басым; флегматиктерді жүйке жүйесі күшті, қозуы мен тежелуі бір-біріне тең болғанымен, қозғалысы баяу адамдар десе; меланхоликтерді – жүике жүиесі әлсіз типті адамдар деп сипаттады.
И.П.Павлов осы айтылған негізгі типтерден басқа да аралас, көшпелі типтердің кездесетіндігін айтты. Мәселен, ұстамсыз типтің өзінен қозуы мен тежелуі бірдей күшті (бірақ аз да болса қозуы басымдау тұратын) сонымен қатар, қозу мен тежелудің күші тепе-тең келетін варианттар байқалған. И.П.Павлов жануарлардың жүйке жүйесінің типін айыру үшін жасаған тәжірибесінің кейбір қорытындылары адам темпераменттерінің физиологиялық негіздерін түсінуге толық жарайтындығын көрсете келіп, темпераментке мынадай анықтама берді: « Темперамент жануарлар мен жеке адамның жалпы сипаттамасы, әрбір индивидумның барлық әрекетіне белгілі оң беретін жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы».
Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың (1896-1965) лабараториясында жүйке жүйесінің типтрі одан ары зерттеле түсті. Егер И.П.Павлов өзінің тәжірбиесін жануарларға жасаған болса, Б.М.Тепловпен оның шәкірттері осындай тәжірбиені адамдарға жасады. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың нерв жүйесінің төрт түрлі типі туралы ілім адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңыз алатын, бірден-бір ғылыми теория екені тағыда дәлелдене түсті. Б.М.Тепловтың шәкірттерінің бірі В.Д.Небылицин (1930-1972) осындай зерттеулердің бірінде жүйке жүйесінің әлсіз типінің өзі бірнеше варианттарға бөлінетінін анықтап берді. Бұрын өмір сүруге икемсіздеу деп саналатын осы әлсіз типтің өзі енді қозғалғыш, баяу, қозумен тежелу, теңгерілмеген типтер деп бөлінетін болды. Әлсіз типтіңде сезімталдығы күшті екендігі, осыған орай оның сыртқы ортаға бейімделе алу қабілеті екендігі анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет