Фатикалық қарым-қатынас – коммуникативті құралдарды тек қана қарым-қатынас процесін қолдап, қуат беру мақсатында қолданатын мазмұнсыз қарым-қатынас. Оған ақсүйектер қарым-қа-тынасы жеке мысал бола алады. Мәні жағынан бұл қарым-қатынас заттық емес, мақсаты жоқ, оны жүзеге асыру процесінде адамдар бұл тұрғыда өздерінің не ойлайтындықтарын емес, осындай жағ-дайларда не айтылу керек, соны айтады. Бұл қарым-қатынас жабық, өйткені, адамдардың қандай-да бір мәселеге байланысты көзқарас-тары ешқандай мәнге ие болмайды және коммуникация сипатын анықтамайды.