СабақТЫҢ жоспары №



бет1/3
Дата07.06.2023
өлшемі54 Kb.
#99415
  1   2   3
Байланысты:
000333cc-c2f2fbc0


Ф-ОБ-05/10Б













«БЕКІТЕМІН»

«БЕКІТЕМІН»
Директордың ӨОЖЖ орынбасары
______________А.Моминов















Директордың ОІЖ орынбасары:













________________Е. Билалов




















































САБАҚТЫҢ ЖОСПАРЫ №____
Пәні Информатика
Сабақтың тақырыбы Ақпараттық жүйелер және ресурстар
Сабақтың мақсаты:
1 Білімділік мақсаты тереңдету.
Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік беру.
2 Дамытушылық мақсаты: Әлемнің ақпараттық бейнесі, ақпараттық жүйелер және ресурстар тақырыбы бойынша оқушыларға жалпы түсінік бере отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есте сақтау, сөйлеу, өз бетімен жұмыс істеу алу дағдыларын қалыптастыру.
3 Тәрбиелік мақсаты: білім алушыларды ұқыптылыққа, жауапкершілікке, достық қарым–қатынасқа тәрбиелеу.
Сабактын түрі, әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар, интерактивті тақта, SinKaz электрондық оқулығы
Пәнаралық байланыс: Күнделікті өмірмен, өткен тарихи деректермен, қоршаған ортамен байланыстыра отырып белгілі пәндермен, математикамен, физикамен.
Сабақтың барысы
1 Ұйымдастыру кезеңі(1-2 минут)
а) кабинетті және құрылғыларды сабаққа әзірлеу;
ә) топтағы оқушылардың сабаққа қатысын және оқу құралдарын тексеру;
б) оқушыларды сабақ мақсатымен және жоспарымен таныстыру
2 Үй тапсырмасын тексеру (15-20 минут)
Өтілген сабаққа ішшара қайталау жасап, білім алушылардың білімін шыңдау. Сабаққа дайындығын тексеру.
3 Жаңа такырыпты түсіндіру (15-20 минут)
Барлық ақпараттарды төмендегідей бөлуге болады: қоғамдық саясаттық - әлеуметтік - экономикалық, ғылыми - техникалық, химия - биологиялық, физиологиялық т. б. Мұнымен қатар ақпарат өзінің сипаты бойынша:
1. статистикалық (тұрақты) немесе динамикалық (айнымалы);
2. алғашқы (кірістік), туынды (аралық) немесе шығыстық;
3. басқарушы және мәлімет беруші;
4. объективті және субъективті болуы мүмкін.
Ақпарат қасиеттеріне мыналарды жатқызуға болады: толықтық, сенімділік (анықтық), бағалылық, маңыздылық (актуалдық), айқындылық, қысқалық, нанымдылық.
ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі .
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр –ақпараттандыру ғасыры » деп аталады. Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді.Ақпараттық қоғамның негізгі талабы —ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық — құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырып, ақпараттық қоғамға бейімделу.
Адам ақпаратты сезу, көру арқылы қабылдайды. Адам радиодан, теледидардан, газет - журналдан ақпараттарды сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Адам қабылдайтын ақпарат таңбалы, бейнелі болып бөлінеді.
Бейнелік ақпарат деп - табиғат көріністерін, кескіндерді, дәм, иіс, сезу мүшелері арқылы қабылданған ақпараттарды айтады.
Таңбалы ақпаратқа сөйлеу, жазу түрінде алынған ақпараттар жатады. Ауызекі тіл де таңбалы ақпаратқа жатады. Себебі, әр түрлі таңбалардан тұрады, бірақ олар дыбыстық таңбалар - феномендер деп аталады. Таңба түрінде қатынасуды қатынас тілі деп атайды. Табиғи қатынас тіліне: қазақ, орыс, ағылшын тілдері жатады. Жасанды тілдерге математика, физика, компьютермен қатынасу тілдері жатады. Әр тілдің өз алфавиті бар. Сандарды көрсететін алфавиттер: екілік, сегіздік, ондық, оналтылық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет