СабақТЫҢ жоспары №



бет2/3
Дата07.06.2023
өлшемі54 Kb.
#99415
1   2   3
Байланысты:
000333cc-c2f2fbc0

Ақпараттық жүйе – объектіні басқаруға қажетті ақпаратты беру мен жаңарту, сақтау, жинақтау жүйесі.
Ақпараттық жүйе компоненттері:
1. аппараттық құралдар: ЭЕМ және құрама бөліктер (процестер, мониторлар, терминалдар, периферийлік құрылғылар, дисководтар, принтерлер, контроллерлар, кабелдер, байланыс линиялары) және т.б.;
2. программалық қамтамамыз етуге: алынған программалар, негізгі, объектілі, жүктелетін модулдер, операциялық жүйелер және жүйелік программалар (компиляторлар, құрастырушылар және басқалар), утилиттер, диагностикалық программалар;
3. мәліметтер – магниттік тасымалдаушылардағы тұрақты және уақытша сақталатындар, баспа архивтері, жүйелік журналдар және т.б.;
4. персонал – қызмет етуші персонал және қолданушылар.
Ақпаратты жүйелерді қорғаудың мақсаты (ақпаратты өңдеу жүйесі) – қауіп-қатерге қарсы әрекеттер:
1. өңделген ақпараттың жасырын бұзылу қатері;
2. өңделген ақпараттың бүтіндігінің бұзылу қатері;
3. жүйенің жұмыс істеуінің бұзылу қатері.
Ақпараттарды қорғаудың негізгі түсініктері
Ақпараттар, оны қорғаудың тапсырмалары тұрғысынан, жеке тұлғалар, бұйымдар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және үрдістер туралы, олардың көрініс беруінің формасына қарамай, берілетін мәліметтер. Көрініс беруінің формасына қарай ақпарат сөздік, телекоммуникациялық және құжатталған болып бөлінеді
Сөздік ақпарат арнайы орындардағы әңгімелесуде, байланыс жүйесіндегі жұмыстарда, дыбыс күшейтуде және дыбыстарды қайта жаңғыртуда пайда болады. Телекоммуникациялақ ақпарат ақпараттарды өңдейтін және сақтайтын техникалық құралдарда, сол сияқты байланыс арналарындағы олардың берілуі кезінде айналымда болады. Құжатталған ақпараттарға, немесе құжаттарға негізгі көздері көрсетілген материалдық тасушылар түріндегі ақпараттар жатады.
Ақпараттық үрдістерге ақпараттарды жинақтау, өңдеу, қорландыру, сақтау, іздеу және тарату үрдістерін жатқызады.
Ақпараттық жүйе деп ақпараттық үрдістерді жүзеге асырушы құжаттардың, құжаттар топтамасының және ақпараттық технологиялардың реттелген жиынтығын атайды.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз жеке түрде немесе ақпараттық жүйе құрамында болатын құжаттар мен құжаттар топтамасы.
Азаматтардың, ұйымдардың, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық сұраныстарын қанағаттандыру үшін жасалынған тиімді жағдайлар үрдісін тұтасымен алғанда ақпараттандыру деп атайды.
Ақпаратты ашық және пайдаланылуыуы шектелген деп бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет