Сабақтың жоспары



бет1/8
Дата17.10.2023
өлшемі7,32 Mb.
#116688
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қиял ЖП


ҚИЯЛ
ТАНЫМДЫҚ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІС
Сабақтың жоспары:

Қиял туралы жалпы ұғым
Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі. Секунд сайын біздің сезім мүшелерімізге ондаған және жүздеген әр түрлі стимулдар әсер етеді, олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады. Адам психикасының ең қызықты феномендерінің бірі шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай, сонымен бірге белгілі бір өңдеуден өтеді. Мұндай феноменнің өмір сүруі, адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгертуге себепті болады.
Қиял бос нәрседен өрістемейді. Қиялдау үшін адам көру, есту, әсер алу және оларды есінде сақтау керек. Адамның білімі көп, тәжірибесі мол, алынған әсерлері алуан түрлі болса, онда бейнелердің қисындастырылуы үші мүмкіндіктері де көп болады.
Күнделікті іс-әрекет адамның алдында көптеген міндеттер қояды. Олардың шешілуі үшін әрдайым қажетті білімдер болмайды. Қиял осы кемшілікті толтырады: ол қисындастырады, бар мәліметтерді жаңаша байланыстырады, осылайша, уақытша болса да, білімдегі кемістіктер жетілдіріледі.
Герберт Джордж Уэллс ағылшын жазушысы, сыншыл реализмнің көрнекті өкілі. 1942ж. биологиялық ғылыми докторы дәрежесіне еге болды. Көптеген биология және физиология оқулықтарының авторы.
Герберт Джордж Уэллс
1866-1946
  • 1895ж. Уэллс «Уақыт машинасы» романында табиғи-ғылыми тұжырымдамасына сүйеніп, XX ғ. әдебиет тарихында алғаш ғылыми фантастиканы бастады.
  • Уэллс «Доктор Моро аралы» (1896),
  • «Бақыт дөңгелегі» (1896),
  • «Көрінбейтін адам» (1897),
  • «Айдағы алғашқы адамдар» (1901),
  • «Аспандағы айқас (1908),
  • «Азат етілген әлем» (1914), т.б. фантастикалық романдарын жариялады.
  • Ол үш рет (1914,1920, 1934) Ресейде болып, «Түнектегі Ресей» (1920) кітабын жазған.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет