Сабақтың жоспары



бет8/8
Дата17.10.2023
өлшемі7,32 Mb.
#116688
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Қиял ЖП

Мысалы бір бала:
“Аппақ, аппақ жапалақтап,
Қар жауады тынбастан”, дегенді мен шығардым деп, ересектердің: «Сенің ойлап тапқаның емес» дегеніне бой бермейді. Немесе «Желсіз түнде жарық ай» – дегенді мен шығардым, саған ұнай ма? - деп бала сұрақ қояды. Қателесесің, ол Абайдың өлеңі ғой деп жауап бергенде баланың көңілі түсіп қалады.
Мұндай жағдайда балалардың шығармашылығы толықтай ес процесінен құралған, қиял процесі енгізілмеген.
Балалардың қиялы ересектердікіне қарағанда әлде қайда бай деген пікір бар. Шынында да бала әртүрлі себептермен көп қиялдайды. Мысалы: көптеген әңгімелер, фантастикалық сюжеттер ойлап шығарады. Адамдарға тән қарым-қатынас формалары мен сезімдерді тастар мен ағаштарға тиісті етіп қояды, заттармен сөйлеседі т.б. Алайда, балалардың қиялына енген элементтер өз тәжірибесінен алынғаны байқалады. Мысалы: ересектердің айтып берген ертегілерінен, кездейсоқ естіген сөздерінен, көрген фильмдерінен, яғни шындықтағы өмірде кездескендерінен құралады.
Жаңаша үйлестіру, бұрыннан таныс бейнелерді қиыстыру, бір қасиеттерімен, бастан кешкендерін басқаға аудару, шындыққа ұқсамайтын фантастикалық көрініс тудырады. Мысалы: бір бала құмнан аспан жұлдыздарына жететіндей үй салып, соларға жеткісі келетінін қиялдаған. Бұл фантастикалық қиысулар балалардың шындықтағы тәжірибесінен құралған, яғни білім деңгейіне сай. Ересектерге қарағанда балалардың білім деңгейі өмір тәжірибесі аз болғандықтан, қиялға қажетті материалы да аз болып шығады. Сондықтан да балалардың қиялы, ересектерге қарағанда таяз деуге болады. Бірақ балалардың өмірінде қиял үлкен рөл ойнайды: балаларда қиял процесі ересектерге қарағанда жиірек пайда болады. Ал ең маңыздысы балалар өздері ойлап тапқанына шынында да сенеді.
Мысалы: 3-5 жастағы балалардың бауырсақтың, сұр қоянның қу түлкіден қашып құтылуын ойластырады. Ертегілердегі сюжеттер балалардың күшті эмоцияларын, сезімдерін тудыруы мүмкін.
Мектеп жасына дейінгі балалардың қиялының өзгеше бір белгісі - көтеріңкі эмоциялық сезімдердің болуы.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет