Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері; Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау


Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері



бет4/10
Дата09.05.2022
өлшемі62,8 Kb.
#33812
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Сабақты талдау және өзіндік талдау» СӨЖ

Сабақты талдау және өзіндік талдау түрлері
1 – қысқа талдау (анализ) (баға қоятын) – бұл сабақтың білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттарын шешетін оқу-тәрбиелік қызметіне, олардың орындалуына жалпы баға беру;

2 – құрылымдық талдау (кезеңдік) – бұл сабақтың басым құрылысын (элементін) анықтау, олардың оқушы танымдық қабілеттерін қамтамасыз ететін қажеттілігін бағалау;

3 – жүйелі талдау – бұл сабақтың дамытушылық мақсатын шешетін дидактикалық міндетін орындауына, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыруды қамтамасыз етуіне, оқушылардың білім алу тәсілдерін игеруіне жағдай жасайтын бірыңғай жүйе ретінде қарастыру;

4 – толық талдау – бұл сабақ міндеттерінің іске асырылуын, оқушылардың білімді игеру деңгейі мен ой еңбегінің тәсілдері сияқты оқу іс-әрекетінің түрі мен мазмұнын, оқушылардың даму деңгейін, сабақ нәтижелілігін, дидактикалық принциптерін бағалайтын аспектілі талдау жүйесі;

5 – құрылымды-мерзімді талдау – бұл сабақтың әр кезеңінде уақытты қолдануды бағалау;

6 – құрама (комбинированный) анализ – сабақтың негізгі дидактикалық мақсаты мен құрылымдық элементтерін бағалау;

7 – психологиялық талдау – сабақтың психологиялық талаптарының орындалуын талдау (оқушылардың дамытушылық үлгідегі танымдық әрекетін қамтамасыз ету);

8 – дидактикалық талдау – негізгі дидактикалық категорияларды талдау (дидактика принциптерін жүзеге асыру, оқушыға білім беру әдісін, тәсілін, құралын таңдау, сабақтың оқу материалын дидактикалық өңдеу, оқушылардың өздігінен жұмысына педагогикалық жетекшілік жасау, т.б.);

9 – аспектілі талдау – сабақтың бөлек бір жағын немесе мақсатын белгілі бір бұрыштан бөлшектеп, жан-жақты оқушы әрекетінің нәтижесімен байланыстыра қарастыру.

10 – комплексті талдау – сабақтың дидактикалық, психологиялық, басқа да негіздерін бірге (бір уақытта) талдау (көбіне түгел сабақ жүйесін).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет