Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері; Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау


Сабаққа қатысушы сабақты талдауда төмендегіше негізгі бөлімдер қарастыруы қажет: (11 слайд)



бет5/10
Дата06.01.2022
өлшемі41,21 Kb.
#11706
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
azrg-zamanday-saba-blm-beru-sapasyny-negzg-faktory

Сабаққа қатысушы сабақты талдауда төмендегіше негізгі бөлімдер қарастыруы қажет: (11 слайд)

  1. Сабақ мақсаттарын талдау. Оқу материалының ерекшелігін ескере отырып, сабаққа қойылған мақсаттары мен міндеттерінің дұрыс-бұрыстығына, осы сабақтың тақырып бойынша сабақтар жүйесіндегі орнына, сыныптың дайындығына баға беру. Сабақ идеясының қойылуы мен оқушы санасына жеткізе алуы. Сабақ мақсатына жету деңгейі.

  2. Сабақ құрылымы мен ұйымдастыруын талдау. Сабақ құрылымының мақсатына сәйкестігі. Сабақ түрінің, құрылымының, логикалық жүйелілігінің, кезеңдерінің байланыстылығының ойластырылғандығы. Уақытты үнемдеп қолдануы. Оқыту түрлерінің тиімділігі. Сабақ жоспарының болуы және мұғалімнің оны орындауды ұйымдастыруы. Сабақта қолданылған көрнекіліктер мен құралдар. Оқушы мен мұғалім іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру деңгейі.

  3. Сабақ мазмұнын талдау. Сабақ мазмұнының мемлекеттік бағдарлама талаптарына сәйкестігі. Баяндаудың толықтылығы, нақтылығы, түсініктілігі, ғылымилығы. Сабақтың тәрбиелік бағыты, адамгершілік ықпалының деңгейі. Сабақтың (тақырыптың, курстың) негізгі идеяларының айналымға түсуі. Сабақтың политехникалық бағыттылығы, өмірмен, кәсіби тәрбиемен, еңбекпен байланысы. Танымдық, қызығушылық пен өзіндік ойлауды дамыту жолындағы белсенді оқу әрекетін қалыптастыру мақсатындағы сабақтың дамыту мүмкіндіктерін іске асыру. Оқушылардың жаңа білімді қабылдамауы. Жаңа материалдың негізгі идеясын нақтылау. Жаңа түсініктер қалыптастыру. Тіректі білімдерін жаңғырту. Оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру. Бекіту жаттығуларының мінездемесі, өзбетінше жұмыс түрлері, қиындық деңгейі, көпнұсқалылығы, сынып оқушыларының дайындық деңгейін ескеру. Мұғалімнің тапсырманы түсіндіруі мен көмегі. Жаңа материалды игеру деңгейі (қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі). Жаңа тақырыптың өткен тақырыптармен байланысы. Қайталау (ұйымдастырылуы, түрі, әдіс-тәсілдері, көлемі).

  4. Сабақты өткізу әдісін талдау. Сабақ беру әдістерін, тәсілдерін, көрнекіліктері мен құралдарының дұрыс таңдалуын, негізділігін; Олардың оқу материалының мазмұнына, сабақ мақсаттарына, сынып мүмкіндігіне, оқушы іс-әрекетін белсенділендіру міндетіне сәйкестігін, сабақтың әдістемелік аппаратының әр кезеңіне сайлығын, мұғалім қолданған әдіс-тәсілдердің алуан түрлілігін анықтау. Жаңа материалды түсіндіру кезіндегі эмоциялылығы. Таратпалы дидактикалық материалдар мен көрнекі құралдарды, техникалық жабдықтарды қолданудың тиімділігі. Мұғалімің әдістемелік жағынан қаруланғандығы мен педагогикалық техникасын бағалау.

  5. Оқушылардың іс-әрекеті мен тәртібін талдау. Сынып жұмысына жалпы баға беру. Зейіні мен тәртібі. Пәнге деген қызығушылығы. Сыныптың белсенділігі, оқушылардың сабақтың түрлі кезеңдеріндегі белсенділігі. Оқушының өзіндік жұмысының ұйымдастырылуы, оқушылардың оқу әрекетінің тиімді әдістерінің іске асуы. Қолданылған оқу әрекеті түрлерінің тиімділігі мен орындылығы. Жалпы білімділік, арнайы біліктері мен дағдыларын қалыптастыру. Жалпыға ортақ талаптарды орындауы. Білім деңгейі жоғары және төмен оқушылармен жеке жұмыс. Ұжымдық және жеке жұмыстарды біріктіру. Сыныптың тәртіптілігі және тәртіпті сақтау тәсілдері. Қарым-қатынас мәдениеті, мұғалімнің педагогикалық такт пен нормаларды ұстануы, мұғалімнің осы сыныпта ұйымдастырған моральдік-психологиялық ахуалына баға беру.

Білім, білік, дағдыларының сапасы:



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет