Сабақты жоспарлау және оған дайындалу кезеңдері; Сабақты талдау және өз сабағына талдау жасау



бет10/10
Дата06.01.2022
өлшемі41,21 Kb.
#11706
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
azrg-zamanday-saba-blm-beru-sapasyny-negzg-faktory

Білім беру әдістері:

  • қолданылған әдістер сабақ міндеттеріне қандай деңгейде сай болды;

  • олар қандай дағды әрекетін қамтамасыз етті;

  • оқушылардың білім алуын қарқындандыруға қандай тәсілдер көмектесті;

  • өздік жұмыс қалай жоспарланып, өткізілді, ол оқушылардың танымдық дербестігін қамтамасыз етті ме;

  • қолданылған әдіс-тәсілдердің тиімділігі неде

Сабақтағы оқу әрекетін ұйымдастыру:

  • сабақтың әр кезеңінде білімділік міндет қалай қойылды;

  • жұмыс түрлері: жеке, топтық, сыныптық, қалай үйлестірілді;

  • оқушылардың түрлі іс-әрекетінің кезектесіп ауысуы іске асырылды ма;

  • оқушы әрекетін бақылау қалай ұйымдастырылды;

  • оқушылардың білімдері мен біліктері дұрыс бағаланды ма;

  • мұғалім оқушыларды қалай дамытты (логикалық ойларының дамуы, сын тұрғысынан ойлауы, салыстыру, қорытындылау қабілеттері);

  • оқушыларды ұйымдастыруда мұғалімнің қолданған әдістері;

  • сабақ пен оның кезеңдерін қалай қорытындылады

Мұғалім жұмысының жүйесі:

  • сабақты жалпы ұйымдастыр алуы: уақытты үнемді қолдануы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуінің байланыстылығы, оқушылардың білім алу әрекетін басқаруы, сыныпқа ие болуы, тәртіп сақтауы;

  • оқушыларға білім алудың тиімді жолдарын көрсету;

  • сабаққа қажетті оқу материалын таңдауы;

  • мұғалімнің сабақта өзін-өзі алып жүруі: сөйлеу мәнері, такты, эмоциялылығы, кабинеттегі орны, сырт пішіні, қарым-қатынас түрі (демократиялық, авторитарлық), баға қоюдағы әділдігі;

  • қажетті моральдік-психологиялық ахуал жасаудағы мұғалімнің рөлі.

Оқушы жұмысының жүйесі:

  • сабақтың барлық кезеңдеріндегі белсенділік пен ұйымшылдық;

  • эмоциялық жауаптардың орындылығы;

  • жұмыс әдістері мен тәсілдері, олардың қалыптасу деңгейі;

  • мұғалімге, пәнге, сабаққа, үй тапсырмасына қатынасы;

  • негізгі білім мен мілікті игеру деңгейі;

  • білім, білік, дағдыларын шығармашылықпен қолдана алу қабілеті.


Қорытынды жасау. Ұсыныстар әзірлеу. (17 слайд)

Сабақтың жалпы нәтижелері:

  • сабақ жоспарының орындалуы;

  • сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерінің орындалу деңгейі;

  • оқушылардың іс-әрекетінің, білімді игеруінің деңгейі:

1-ші – қабылдау, түсіну, есте сақтау деңгейінде игеру;

2-ші – ұқсас жағдайда қолдану;

3-ші – жаңа жағдайда (шығармашылықпен) қолдану;


  • сабақ нәтижесі мен тиімділігінің жалпы бағасы;

  • сабақ сапасын жоғарылату үшін ұсыныстар беру.

Жасалған қорытындылар мен берілген ұсыныстар негізінде мұғалімге өздігінен даму үшін ұсыныстар беру.



Сабақтың жетістігін, жақсы жақтарын, танысып, талдап, қолданысқа енгізуге болатын мұғалімнің шығармашылық жаңалықтарын бөліп атау. Сабақ кемшіліктері мен мұғалімге қажетті көмек көрсету жолдарын айту. Сабаққа қойылатын жалпы бағаны, қорытындыларды, ұсыныстарды түйіндеу.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет