Сабақтың кӛрнекілігі: Суреттер,кестелер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Сұрақ-жауап Жаңа сабақ Бекіту



Дата27.09.2024
өлшемі17,17 Kb.
#145883
түріСабақ
Байланысты:
фак 1


Сабақ жоспарларының ҥлгісі
Сабақтың тақырыбы: Микро организмдердің ашылу тарихы. Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға айналадағы қоршаған ортадағы микроорганизмдердің ашылуы мен толық таныстыру. Микробиология саласының дамуының негізгі кезеңдерін жан-жақты таныстырып білдіру. Микроорганизмдердің пайдасы,маңызы және зияны туралы түсініктерін қалыптастыру
Сабақтың типі: Жаңа білім игеру Сабақтың түрі: Дәріс
Сабақтың кӛрнекілігі: Суреттер,кестелер. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру
Сұрақ-жауап Жаңа сабақ Бекіту
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады. Олардың ішінде ӛсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай кӛзге кӛрінбейтін тірі организмдер — микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бӛлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен ӛсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ ӛздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бӛлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған.
Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады. Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры құ пия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.
Микробиология тарихында римнің профессоры Афанасий Кир-хердің (1601 —1680) есімі де аталуы тиіс. XVI ғасырдың аяғында Ганс пен Захарий Янсендердің алғашқы микроскопты кұрастырғаны мәлім. Әрине, бұл ӛте қарапайым аспап еді. Соны пайдалана отырып, Кирхер сасыған ет, шарап сіркесін, сүтті қарап, онда түрлі «құрттардың» кездесетінін байқады. Ол қанды қарап, одан түрлі клеткаларды кӛрді. Оба ауруымен

ауырған адамдардың қанын қарап, Кирхер одан ерекше «құртты» кӛрдім деп мәлімдеді. Осындай жабайы аспаппен, әрине ол микробты кӛруі мүмкін емес еді


Антон Левенгук аурудың қанда жүрген микробтар арқылы таралатыны жӛніндегі оның пікірі ӛз кезіндегі прогрессивтік батыл кӛзқарас болып есептеледі. Тек XVII ғасырдың аяғында ұлғайтып кӛрсететін аспаптарды жасау техникасының жетілуіне байланысты микроорганизмдерді тауып, оларды жан-жақты зерттеуге мүмкіндік туды. Микроорганизмдерді алғаш рет ашу Голландия әуесқойы Антон ван Левенгуктың (1632—1723) есімімен тікелей байланысты. Жас кезінен шыныларды құрастырумен кеп айналысқан ол, заттарды 160—300 есеге дейін үлкейте алатын алғашқы микроскопты құрастырған. Осы
«қарапайым» микроскоптың кӛмегі Мен Левенгук жай кӛзге кӛрінбейтін микробтар дүниесін ашты, ет тағамдарындағы зен, саңырауқұлақтарын, тұрып қалған қақ суындағы тірі организмдерді кӛрді, олардын. пішінін, шамасын және қозғалысын сипаттап жазды. Тістің сыртына тұрып қалған ӛңезін суға езіп қарағанда, ондағы тірі организмдер Левенгукқа ӛте зор әсер еткен. Левенгук бұл культурадан жыбырлап жүрген ӛте ұсақ жәндіктерді кӛргенін және олардың соншалықты кӛптігіне таң қалып, олардың шамасы бүкіл Құрама Корольдықтағы адамдар санынан кӛп болса керек деген пікірге келеді. Бұл тірі организмдердін. ішінде шар және қысқа таяқша тәрізділері және спираль тәрізді түрлері бар екендігін ол анық байқады. Сонда Левенгук әзі жасаған микроскоппен түрлі ашытқы саңырауқұлақтарды, бактериялар мен инфузорияларды керген. Левенгуктын ашқан жаңалығы микроорганизмдер дүниесін зерттеуге, сәйтіп микробтар жӛніндегі ғылым — микробиологияның дамуына жол ашты. Ӛз зерттеулерін Левенгук «Антон ван Левенгук ашкан табиғаттың құпия сырлары» деген атпен 1695 жылы кітап етіп жарыққа шығарды.
Алайда ол бұл организмдерді сипаттап жазғанымен олардын, табиғатта алатын орнын, әрекеттерін білмеді. Әйткенмен Левенгук зерттеулері сол кездегі кәптеген табиғатты зерттеуші ғалымдардың назарын аударды. XVIII ғасырдағы Шведтің кӛрнекті табиғат зерттеушісі Карл Линней езінің «Табиғат системасын» жасағанда жануарлар мен ӛсімдіктерді белгілі бір тәртһшен орналастырғаны мәлім. Бұл системаға құрт, құмырсқалар сияқты, микроорганизмдер дүниесі енгізілген жоқ. Оны Карл Линней «хаос» яғни ешқандай берекесі жоқ жәндіктер тобына жатқызған. Бұдан ол жай кӛзге керінбейтін осы организмдерді зерттеудің қажеті жоқ деген қорытындыға келді. Басқаша айтқанда, ол микроорганизмдерді адам түсінбейтін құпия сыры бар дүние деп танытпақшы болды. Дегенмен бұл кезде микроорганизмдер жайында дәйекті материалдар жинала берді. Сондықтан бұл кезеңді біз микробиология дамуының морфологиялық кезеңі деп атауымызға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет