Сабақтың мақсат: «Махаббат»



бет3/3
Дата06.01.2022
өлшемі25,27 Kb.
#14273
түріСабақ
1   2   3
Үй тапсырмасын тексеру.
Берілген мысал әңгімені басшылыққа ала отырып, «мөлдір махаббат» , «шынайы махаббат» , «ана махаббаты», «ғашықтық» , «құштарлық» , «бір көргеннен ғашық болу»ұғымдарына анықтама беру.




  • Дәйексөз

Адамшылықтың алды- махаббат , ғаделет сезім.

Абай

Оқушылардан дәйексөздің мағынасын қалай түсінгендерін сұрау.Оз ойларын ортаға салу.







Әңгімелеу

" Ерлік жоқ жерде махаббат жоқ"
"... Жігітке жаратқан ием керемет шеберлік дарынды, сұлулықты , әншілікті берді". Тіпті үшеуі түрмақ , осы асыл қасиеттің біреуі дарыған адам жерде қала ма!

Сын сағатта ғашық жігіттің бойынан ерлік табылмай қалып еді, оның асқан шеберлігінің де, керемет сұлулығының да, ғаламат әншілігінің де құны көк тиын болып шыға келді. Яғни ерлік жоқ жерде махаббат та жоқ.Кейде махаббат маған сан мың түрлі тетіктен құралған компьютер сынды елестеп, кетеді.Басты жүйесінің бір жанбаса , қалғаны түгелдей істен шығады", деп , терең де қызықты ой толғайды.Қосып алары жоқ ақиқаты - осы.


1. Жаратқан ием жігітке қандай қасиет берді?
2. Жігіт махаббатты қалай түсінді?
3. Мұндай қасиет сендердің бойларығда бар ма?




Бір күн ішінде неше рет жақсы көру және жек көру сезімдері бойыңды билегені туралы шағын сынақ жүргізіңдер.




  • Топпен ән айту

Махаббат

с .С.Тұрғынбеков

ә .М.Ілиясов
Қалған сәтте мен жүдеп,

Панам болған – Махаббат.

Күн көзіндей елжіреп

Анам болған – Махаббат.


Қайырмасы:

Шашылғандай алдымнан

Жыр шашуы жаққұтым

Өмірімді ән қылған

Махаббатым- бақытым

Үміт күтіп әр таңнан,

Балам болған махаббат

Қағатұғын арқамнан,

Әкем болан махаббат.

Жүрегімде наз үні

Толғандырған махаббат.

Жарасатын әзілі

Аға – жеңгем махаббат.

Бал бұлақтай қандырып,

Нәрім болған- махаббат.

Өмірдегі мәңгілік,

Жарым болған-Махаббат.





  • Үй тапсырмасы

Жұмыс дәптеріндегі «Ең сұлу әйел» мәтінімен танысып , сұрақтарға жауап жазу.




7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет