Сабақтың мақсаты : Білімділік Зат есімнің түрленуі туралы түсінік беру, зат есімнің қасиеттерін ашу; Дамытушылық



бет13/23
Дата31.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#21288
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
00000c7b-7326bf33

ІІ. Дамытушылық: Оқушыларды алған білімдерін талдауға, жинақтай білуге машықтандыру, сөздік қорларын, ой-өрісін дамыту, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Тәрбиелік:Оқушылардың бойына адамгершілік, әдептілік, ұлтжандылық қасиеттерді сіңірту, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, топтастыру.

Пәнаралық байланыс: әдебиет.

Сабақтың көрнекілігі: кестелер, плакатқа салынған суреттер, үлестірмелі парақшалар.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Зат есімнің жіктелуі, оның жасалу жолдарын сұрау

  2. 49-50 жаттығуларды талабына сай тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ. Балалар, бүгін біз сендермен зат есім тақырыбын ары қарай жалғастырамыз. Бүгінгі біздің тақырыбымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметі. Бүгінгі біздің мақсатымыз – зат есімнің сөйлемдегі қызметін түсіну, осыған байланысты жаттығу жұмыстарын орындау.

Бүгінгі тақырыбымыз да зат есімге байланысты болғандықтан, зат есімнен өткенді еске түсірейік. Зат есім бойынша білгендерін топтастыру

Жалпы зат есімнің сөйлемдегі қызметі дегенді кім қалай түсінеді екен өз ойымызды ортаға салайық.

Зат есімнің сөйлемдегі қызметі ,оның қай септік жалғауында жұмсалуына байланысты болғандықтан септікті еске түсірейік. Қазақ тілінде қанша септік бар, сұрақтарымен кім айтып шағады.Әр қатардан бір-бір оқушы шығып бір сөздғ септейді.

Сонымен, зат есімнің сөйлемдегі қызметі септік жалғауларына байланысты жұмсалады.

Зат есім сөйлемде атау септігінде тұрып бастауыш болады. Кейде кім? Не? сұрақтары тәуелденіп қойыла береді (Кімім? Неңіз?)Мысалы: Жел күшейе түсті. Ер елімен көрікті, жер кенімен көрікті.

Зат есімдер жіктеліп келіп немесе атау септігінде тұрып баяндауыш болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет