Жауаптары: 1. иә, 2. жоқ. 3. иә, 4. иә, 5. жоқ, 6. иә, 7. жоқ, 8. иә.
ІІ топ «Музыка» тобы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
-Өлеңдегі физикалық құбылыстарды анықтау
ІІІ топ «Биология» мына тапсырманың ішінен инфрадыбыс және ультрадыбыстың адам ағзасына тигізетін әсерін жазу
«Ыстық картоп»кезеңінде берілген сұрақтарға оқушылар тез 15 секундта жауап беру керек. Өйткені картоп күйіп кетеді. Картоп күйіп кетсе,яғни уақыт бітсе, сол топ ойыннан шығады. Қалғаны жалғастырады.
Тесттік тапсырма:
1. Жиілігі 16 Гц - тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар
Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар
Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц
Б) 200 000Гц
С) 200Гц
Д) 2Гц
3. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралса, толқын ұзындығы қандай болғаны?
А) 4, 55м
Б) 4, 5м
С) 5м
Д) 4, 35
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне
Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне
Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр
Б) герц
С) метр/секунд
Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша?
А) 340м/с
Б) 50м/с
С) 1480м/с
Д) 5600м/с
7. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы..
А) тон Б) шу С) тембр Д) музыкалық дыбыс
Жауаптары: А, А, Д, Б, Д, А, С.
Сабақты қорытындалау: Шығармашылық тапсырма «Дыбыс» терминіне өлең шығару. Үйге тапсырма: §31,32,33,34,35 26-жаттығу №4, 27-жаттығу№3 Бағалау.