Мультфильм. Әли мен Айя "Тазалық" (Ж)Тапсырма. Балаға жеке бас гигиенасын сақтауға қажетті заттарды алуға көмектес.
Дескриптор: - заттарды қарайды.
- қажетті заттарды ажыратады.
- қажетті заттарды белгілейді.
Кері байланыс "Күннің көзі" (Оқушылар сары түсті стикерге тапсырманы орындауларын жазып күннің көзіне жапсырады)
Саралау әдісі бойынша берілетін тапсырмалар. І топ. (Т) Тапсырма. Сурет пен сөздерді сәйкестендір.
Қолды тазалайды
Шашты тарайды
Тісті жуады
Дескриптор: - Сөздер мен суреттерді мұқият қарайды.
- Сөздер мен суреттерді ажыратады.
- Сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
Кері байланыс "Бас бармақ" ІІ топ (Т) Тапсырма. Бейнесөзді шешу. Мақалдың мағынасын айту.
"Еркін микрофон"әдісі арқылы мақалдың мағынасын айтады.
Дескриптор: - бейнесөзді шешеді.
- мақалды жазады.
- мақалдың мағынасын айтады.
Кері байланыс ауызша жүргізіледі (мадақтау). ІІІ топ (Т)Жоғары ойлау дағдылары
Тапсырма. Гигиена ережелерін құрастыру.
(Оқушылардан күтілетін жауаптар: әркімнің жеке бас тазалығына қажетті заттар болуы керек; күніне 2 рет тісін жуу керек; күнделікті жуыну керек, шашты тарау керек, тырнақ уақытында алу керек; таза киім кию керек).
Дескриптор: -гигиена туралы талқылайды.
- гигиена ережесін құрастырады.
Кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек». Сергіту сәті. "Дене мүшелері" (Д) Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Дескриптор: - Бос орынға қажетті сөздерді қойып оқиды.
- Бос орынға қажетті сөздерді қойып жазады.
-Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды анықтайды.
-Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды бояйды.
Рефлексия. Түсіндім – үлкен қызыл алма;
Кішкене түсінбей қалдым – орташа сары алма;
Түсінбедім – кішкене жасыл алма.