Cабақтың тақырыбы: «Көлік түрлері. Күрделі сөздер» 6 сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Сөйлем ішінен қос сөздер табуға, түрлерін ажырата білуге
үйрету.
Сабақтың дамытушылығы:
Ауызша, жазбаша тілдерін дамыту, сөздік
қорын молайту, сөйлеу қабілетін арттыру.
Сабақтың тәрбиелігі: ізденімпаздылыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа
тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, ойын түрлерін пайдалану, талдау,
жинақтау әдісі.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
(Жол жүру ережесімен байланыстыру)
Сабақтың көрнекілігі: Сынау жұмысы, сызба, карточкалар, кестелер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушының сабаққа дайындығын оқу құралдармен тексеру. Назарын сабаққа
аудару.
1.
Біріккен сөз дегеніміз не?
2.
Олар қалай жасалады? Мысал келтіру.
Сөйлемдерді оқып,біріккен сөздерді «+» арқылы теріп жазу.
Тақтаға үш оқушы шығарып «Сыңарыңды тап ойынын» ойнату.
қырық-----------беу
Қызыл--------------түстік
Оң-------------------құм
Бел------------------аяқ
II. Тікұшақтың, жеңіл машинаның, автобус, кеме суреттерін көрсетіп ой
қозғау.
III. Тікұшақ суретімен жұмыс жүргізу, жасалу жолын түсіндіру. Бүгін біздер
күрделі сөздің бір түрі Қос сөздермен танысамыз.
Қос сөздер
Күрделі сөздер
Біріккен сөздер
Қос сөздер
Қысқарған сөздер
Тіркесті сөздер
Екібастұз ата
-ана АҚШ қараторғай
Айгүл қайта
-қайта ПМПИ бес жүз
IV. Мәтінмен жұмыс.
Адам атты арбаға, шанаға жегеді. Ат- адам үшін өте пайдалы көлік. Өгізбен
шөп, жүк тасиды. Өгіз- төзімді және мықты көлік. Қазақстанның бірнеше
аудандарында түйе бар. Түйеге жүк артады. Машина жүре алмайтын
жерлерде жүкті түйемен тасиды. Түйе- шөлге, аштыққа өте төзімді жануар.
Қырғызстанның таулы жерлерінде тұратындар үшін қодас та қолайлы көлік.
Солтүстік суық жақтарда тұратындар үшін ит те, бұғы да көлік. Шанаға
жегетін иттер жеңіл және жүндес болады. Олар суыққа тоңбайды.
1.
Сөздерді оқып, аударып, сөз тіркестерді құратқызу.
шөл- төзімді-
қодас- жегеді-
бұғы- жүндес-
аштыққа- тоңбайды-
V. Оқулықпен жұмыс. Қос сөздерді теріп жазу.
Мысалға: буып – түйіп, ыдыс – аяқ, шығар – шықпас, айқұш – ұйқыш, әлсін –
әлсін, бес - алты, ойдым – ойдым, саз – батпақ, ара – арасы, тура – тура.
Айқұш – ұйқыш қос сөзіне назар аударту.
Алдыңғы (айқыш) сыңарының мағынасы түсінікті, бірақ соңғы сыңары жеке
түрде қолданылмайтын, әрі мағынасы түсініксіз қос сөздер болатындығын,
олар мағынасы көнерген, немесе басқа тілден енген синонимдес сөздер
екенін айтып ашу.
Осы жерде сызбаның екінші бетін пайдаланып, түсіндіріп өту.
VІ. Сергіту сәті ретінде халық өлеңін дауыстап оқытып шығу.
Оқып болған соң осы өлеңнің ішіндегі қос сөздердің есте қалғандарын
дәптерлеріне жаздырту.
Жымың – жымың күлдірген,
Жып – жылмағай малта ғой.
Малта – малта малтақой,
Қайдан шықтың айта ғой.
Тентек піспек түскені – ай,
Күлдір – күлдір піскені – ай!
Пісіп – пісіп толқыды,
Бетіне май көлкіді.
ҮІІ. Бәріне тапсырма.
- санда күте - тіп -
- шыға сылдыр - сүп -
- шашын рет - қып -
- терсек кезек - дүп –
ҮІІІ. Терме диктанты.
(Қос сөздерді теріп жазу).
Мөлдір аспанда шөкімдей бұлт жоқ. Жол шетінен анда – санда шоқ – шоқ
қайың кездеседі. Тасболат пен Темірбек жан – жағына ерінбей қарауда. Теңіз
толқынындай Көктөбе бейнесі өркеш өркеш болып көрінеді. Одан әрі Көксу
көз тартып тұр. Таулар кезек – кезек қалпымен бізге қол созғандай болады.
ІХ. Тест. (Тексеру.)
Қорытындылау.
Х. Сонымен, балалар, біз бүгін
немен таныстық?
(Уақыт қалып жатса «Қуаласпақ» ойынын ойнату)
І қатар – қосарлану арқылы Бәрі күшейткіш буындар
арқылы
ІІ қатар – қайталану арқылы болатынына мысалдар келтіру
ХІ. Бағалау.
Үйге: Ережені жаттау.
Қос сөзді орнымен қолданған сөз әсерлі, суретті бола түседі, сөйлеушінің
(жазушының) көңіл – күйін, сезімін айтып, жеткізуде де қос сөздердің орны
бөлекше