Сабақтың мақсаты: білімділік : Оқушыларды мәтінді есептерді шешуде квадрат теңдеуді пайдалануды үйрету



бет2/2
Дата06.01.2022
өлшемі91,5 Kb.
#12384
түріСабақ
1   2
Байланысты:
15.01.2020

Сабақты бекіту.

Тапсырмалар




1 топ

Есеп №1

Бірінші сан екінші саннан 10-ға артық және олардың көбейтіндісі 119-ға тең.Осы сандарды тап.

Жауабы -17;-7      7;17


Есеп № 2 Ағынсыз судағы жылдамдығы 20км/сағ-қа тең катер ағысқа қарсы 36 км/сағ және өзен ағысының бойымен 22 км жол жүрген. Ол осы жолдың барлығына 3 сағ уақыт жіберген. Өзен ағысының жылдамдығын табыңыз.                                  

                                      Жауабы (2 км сағ)



 

2 топ

Есеп №1

Бірінші сан екінші саннан 16-ға кем және олардың көбейтіндісі 192-ге тең.Осы сандарды тап.

Жауабы -24;-8      8;24


Есеп № 2 Өзен бойындағы екі қаланың ара қашықтығы 80 км. Теплоход бір қаладан екіншісіне барып қайтуға 8 сағ20 мин жұмсады. Өзен ағысының жылдамдығы 4 км/сағ. Теплоходтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз   

                                  жауабы (20км/сағ)



 

3 топ

Есеп №1Біреуі екіншісінен 6-ауыартық екі натурал санның көбейтіндісі 576-га тең.Осы сандарды тап.

Жауабы -27;-21      21;27



Есеп № 2 Моторлық қайық ағыс бойымен 18 км және ағысқа қарсы 14 км жүрді, осы жолдың барлығына ол 3 сағ 15 мин жұмсады. Қайықтың меншікті жылдамдығы 10 км/сағ. Ағыстың жылдамдығын табыңдар

                                        Жауабы 2 км/сағ



 

4 топ

Есеп №1 Асель 135 теңгеге 3 банан және 2 булочка сатып алды. 1 банан 20 теңгеге булочкадан қымбат. Бір банан мен бір булочканың құны қанша?

Жауабы 15; 35



Есеп № 2 Моторлық қайық өзен ағысымен 28 км жүзіп барып, бөгелместен кері қайтты. Барып қайтуға 7 сағат уақыт кетеді. Өзен ағысының жылдамдығы 3 км/сағ екендігі белгілі. Қайықтың тынық судағы жылдамдығын табыңыз

                                           Жауабы 9 км/сағ



 

 


5 топ

Есеп №1 Асхатта тауықтармен қозылардың басын санағанда 17 болды, ал аяқтар саны 46-ға тең. Неше тауықтар және қозылар саны болды.

Жауабы 11;6



Есеп № 2 Моторлық қайық ағыспен12 км, ағысқа қарсы12 км жүрді. Ағысқа қарсы жүрген жолына 1 сағыт артық уақыт жіберген. Қайықтың тынық судағы жылдамдық 9 км/сағ  болса, агыс жылдамдығын табыңыз.

                                       Жауабы 3 км/сағ



 

Оқушыларды бағалау



Үйге тапсырма беру (№214-216)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет