Сабақтың тақырыбы: Мәтінді есептерді квадрат теңдеулер арқылы шығару
Сынып: 8
Сабақтың мақсаты:
білімділік: Оқушыларды мәтінді есептерді шешуде квадрат теңдеуді пайдалануды үйрету;
тәрбиелік: оқушылардың ғылыми дүниетанымын, тұлғаның адамгершілік қасиетін, көзқарастары мен сенімін қалыптастыру;
дамытушылық: оқушылардың іскерліктерін өз бетімен еңбектену сезімдерін білімдерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Дамыта оқыту,саралап оқыту, сұрақ-жауап, топпен жұмыс әдістері..
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, жұмыс дәптері
Сабақ әдісі: Сұрақ- жауап, есептер шығару, ізденіс.
Сабақ типі: Жаңа сабақ
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Сәлемдесу, балаларды түгендеу
- "Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)
Көптеген мәтінде есептер шығару барысында квадрат теңдеулер қолданылады. Сызықты теңдеу арқылы шығарылатын мәтінде есептердің едәуір бөлігі арифметикалық, кейбір жағдайларда жасанды түрде шығарылуы мүмкін. Ал квадрат теңдеулерге келтірілетін мәтінді есептер арифметикалық жолмен шығарылмайды.
Мәтінді есептің берілгені бойынша квадрат теңдеуді құрудың негізгі кезеңдері сызықтық теңдеу арқылы шығарылатын есептермен бірдей.
Теңдеу арқылы шығарылатын кез келген мәтінде есепті шешу үшін мына алгоритмді басшылыққа алған жөн:
есептің мәтінінде берілген шамалардың арарсындағы тәуелділікті анықтау үшін есептің шартын білу қажет;
бастапқы шаманы әріппен белгілеу. Көп жағдайларда белгісіз қосымша айнымалыны әріппен белгілеу арқылы теңдеу құру мен есеп шығаруды жеңілдетуге болады;
бастапқы белгісіз айнымалыны берілген және әріппен белгіленген қосымша шамалар арқылы өрнектеу;
теңдеу құру, яғни бір шаманы беретін екі өрнекті жазып, оларды теңестіру;
құрылған теңдеудің түбірлерін (шешімдерін) табу;
табылған түбірлердің қайсысы теңдеуді қанағаттандыратынын тексеру.
Берілген алгоритмді қолданып, мәтінде есептер шығаруға мысалдар келтірейік.
1-мысал. Пәтерде ендері бірдей екі бөлме жасау жобалануда. Бірінші бөлменің ұзындығы енінен 1,5 есе артық, ал екінші бөлменің ұзындығы 7,2 м. Егер пәтердің ауданы 56,7 м² болса, онда бөлмелердің енін табыңдар.
Шешуі. Бөлменің енін х м арқылы белгілейік. Сонда бірінші бөлменің ұзындығы 1,5 х м, ал ауданы 1,5 х* х м² болады. Екінші бөлменің ауданы 7,2 х м береді.
Есептің шарты бойынша
немесе
Соңғы квадрат теңдеуді шешіп, және түбірлерін аламыз. Бұл сандар есептің шарты бойынша құрылған квадрат теңдеуді қанағаттандырады. Бірақ есептің шешімі тек 4,2 саны болады, себебі бөлменің енңі әр уақытта оң сан. Тексеру жүргізу арқылы 4,2 м есепті қанағаттандыратынын аламыз.
Жауабы: 4,2 м.
2-мысал. Жедел пойыз бағдаршамда 16 мин аялдады. Содан кейін ол жылдамдығын 10км/сағ-қа арттыра отырып, кесте бойынша қалып келе жатқан 192 км жолды толық жүріп өтті. Пойыздың жылдамдығын табыңдар.
Шешуі. Пойыздың кесте бойынша жылдамдығын v км/сағ (v>0) арқылы белгілейік. Егер пойыз 192 км жолды v км/сағ жылдамдықпен жүріп өтсе, онда оған сағ уақыт керек. Пойыз 192 км жолды км/сағ жылдамдықпен жүріп өткендіктен, ол жолға сағ уақыт жіберіп, 16 мин-та ( сағ-та) кешіккен уақытын қуып жетті. Демек, немесе
Шыққан квадрат теңдеудің түбірлері (км/сағ), (км/сағ) болады. Есептің шарты бойынша v>0, демек, км/сағ. Тексеру жүргізу арқылы 80 км/сағ есепті қанағаттандыратынын аламыз.
Жауабы: 80 км/сағ.
№ 209
1)
2)
№210
1)
2)
№211
1)
2)
№212
1)
2)
№213
Достарыңызбен бөлісу: |