Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білімдерін меңгеру



Pdf көрінісі
Дата12.02.2023
өлшемі246,31 Kb.
#67332
түріСабақ


Сабақтың тақырыбы: Туған өлкенің көркемдік халықтық кәсіптері. 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушыларды ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы 
білімдерін меңгеру.
Дамытушылық: ағашты көркемдеп оюдың түрлері туралы білімдерін 
дамыту. 
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. 
Сабақтың типі: жаңа сабақ 
Сабақтың түрі: аралас сабақ 
Пәнаралық байланыстар: бейнелеу өнері, сызу, тарих. 
Сабақ жоспары: 
І Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ Жаңа сабақ. 
ІІІ Қорытынды. 
ІV Бағалау. 
V Үйге тапсырма. 
Сабақтың барысы: 
І Ұйымдастыру кезеңі. 
ІІ Жаңа сабақ. 
Ағаш ұстасы және қолданбалы өнер. Табиғатта өңдеу тәсілдерінің 
бәріне дерлік кенетін ағаш сияқты материал жоқ деуге де болады. Ағашты 
тек қана кесуге, сүргілеуге, аралауға және желімдеуге, бұрғылауға, 
жонғылауға, жону мен күйдіруге ғана емес, сондай-ақ баспақтауға, 
калыптауға, жылулық және химиялық өңдеуге де болады. Ұсақталған және 
арнаулы құрамдарға арадастырылған ағашты металды құйған сияқты құюға 
да болады. Ағаштың мамықтай жеңіл болуы, бытыра сияқты тұтануы 
мүмкін. Алайда оны жанбайтын, қорғасын сияқты ауыр және қоспа болат 
сияқты қатты етуге болады. 
Материал ретіндегі ағаштың сапасы оны өңдеу және өрлеу барысында, 
сондай-ақ дайын бұйымдардан көрінеді. 
Өңдеу тәсілдері өте көп, олардың 
көпшілігін адамзат бұдан мыңдаған 
жылдар бұрын білген және қолданған. Тіпті ағашқа суретті отпен емес, 
күшті қышқылдармен күйдіріп салу сияқты әдіс бұдан жүздеген жыл бұрын 
белгілі болған. 


Қазіргі заман техникасы белгілі бір ережеде механикаландырылған және 
олар өңдеудің алуан түрлі технологиясын жетілдіруге мүмкіндік береді. 
Алайда бастапқы материал өзінің физикалық-механикалық қасиеттері 
бойынша өзгермей қалып отырғандықтан, өңдеу жұмыстарының адамзат 
жасап шығарған тәсілдерін түбірімен өзгертуге техниканың мүмкіндігі жете 
қойған жоқ. 
55-сурет Жазыктық-қуыстап ою 


57-сурет. Айшықты бедерлі ою 
Ағашты өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне ою мен нақыштама мозаика мен 
күйдіру, оюлы безендіру жатады. 
Жазықтық геометриялық оюдың алғашқы кезеңінде ені 15 мм-ден кем 
емес, бір ғана аспаппен немесе жақсы қайралған қысқа қашаудан жасалған 
кескішпен, сондай-ақ металл кесетін коларадан етікші пышағына ұқсатып 
жасалған пышақпен де жұмыс істеуге болады. Кескіштің сабы тік бұрышты 
формада жасалады, тек жиектерінде доғал бұрышты қиықжиектері болады. 
Домалақ жылтыр сабы бар аспапты кесу бағытында дәл ұстап тұру қиын. 
Қалыңдығы 10 мм-ден кем емес, жақсы кептірілген, жарықшақтары, 
бұтақтары жоқ, бөлінбеген, беті тегіс тақтайдың кез келген кесіндісі үшін 
материал бола алады. Енді дайындамаларды ағаштың бір түрі мен біртектес 
құрылымдарының бірнеше жіңішке кесінділерін желімдеп жасаған дұрыс. 
Мөлдір емес жабындымен өңделетін ойықты: ою үшін ағаштың кез келген 
түрі жарайды. Тесіп өтетін оюдың суретін алдымен кағазға салып, одан кейін 
көшірме кағаз аркылы ағаш бетіне түсіреді. 
56-сурет. Геометриялық ою 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет