Шие – күніне 20 шие бір аспириннің әсерін береді.
Пияз және сарымсақ – инфекцияларды жояды. Жүрек ауруы қаупін 20%-ға азайтады.
Айран, сүзбе, ірімшік – тістің саулығы үшін пайдалы, кальцийдің қоры
2 жүргізуші:Балалар денсаулықтың он құпиясын білесіңдер ме? Ендіше тыңлаңдар:
1. Денсаулық пен сырқаттың негізі біздің ақыл ойымызда жатыр.
2. Біздің тыныс алуымызда.
3. Шынығу әрекеттері күш әкеледі.
4. Дұрыс тамақтану.
5. Күлкі.
6. Дем алу.
7. Тұлғаны түзу ұстай білу.
8. Сенім күші.
9. Сүйіспеншілік күші.
10. Таза қоршаған орта.
Ойнайық та, ойлайық! Денсаулық достары: таза ауа, көңілді жүру, дұрыс ұйқы, тазалық, шынығу, демалу, дұрыс тамақтану, спорт.
Денсаулық қастары: күн тәртібін сақтамау, салақтық, дұрыс тамақтанбау, жалқаулық, зиянды әрекеттер.
Қорытынды: «Ең бірінші байлық...» бейнеролик көрсетілімі. «Әрбір жаманшылықтың жағасында тұрып, адамның адамдығын бұзатын жаманшылықтан бойын жинақтау, бұл адамға нұр болады» деп Абай атамыз айтса, Елбасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Жалпы адамдар неліктен өз денсаулықтарын құртып, оны улайтындарға төзіммен қарауға тиіс? Мен барлықтарыңызды шылым шегушілерге ымырасыз болуға шақырамын»,-деп есірткі, шылым, ішімдік сияқты денсаулыққа зиян келтіретін әдеттерге қарсы күрес бар екенін айтқан. Сондықтан Елбасымыздың айтқан сөздеріне мән беріп, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ат салысайық. Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақтар қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбатырақ, байлық па әлде атақ па?»-деп. Сонда Сократ: Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ деп жауап берген екен. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі-салауаттылық. «Денсаулығыңды ойласаң ауырмайтын жол ізде » тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Салауатты өмір салтын жандарыңа жан серік етіңдер! Ауруды жұқтырмау өз қолымызда, «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!»