Тақырып: Логарифмдік теңсіздіктер.
Анықтама. > (a >0, a ≠1, f (x) >0, g(x)>0) түрінде берілген немесе осы түрге келетін теңсіздікті логарифмдік теңсіздік деп атайды.
Логарифмдік теңсіздіктерді шешуді логарифмнің негізіне байланысты келесі екі жағдайдың бірі үшін қарастырамыз:
a>1 болғанда > теңсіздігіне мәндес
теңсіздіктер жүйесін шешеміз.
0< a< 1 болғанда > теңсіздігіне мәндес
теңсіздіктер жүйесі шешіледі.
4-кезең. Талдау.
«Естігенді ұмытамын, көргенді есте сақтаймын, ал өз ақыл-ойыммен істеген ісімді түсінемін.» Конфуций
Оқулықпен жұмыс. № 291 (1,2), № 292 (1,4)
Әр топтың бір мүшесі есептің шешілу жолдарын түсіндіріп, талдайды.
Сергіту сәті.
Квадрат - Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік администратор шығады.
Зигзаг - Сенде әсемдікті көре білу қабілетің жоғары қалыптасқан, сондай-ақ шығармашылық қабілетің, ой-өрісің дамыған. Сенде табиғи өткір ойлылық бар, өз айналаңа қабілетті адамдарды жинай аласың. Сені шаблондар, ережелер, нұсқаулар қызықтырмайды. Бастаған істі аяқтауға төзімділіктің жоқтығы бөгет жасайды.
Шеңбер – Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетің жоғары қалыптасқан. Саған жеке адамдар арасындағы кикілжіңдер тән емес, өзіңді олардан аулақ ұстайсың. Сенен үздік писхолог шығуы мүмкін.
Үшбұрыш - Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатыңа қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың. Сен қоғамда, өмірде жоғары жетістіктерге қол жеткізесің, жұмысыңда жоғарыға көтерілуге бейімділігің бар.
Достарыңызбен бөлісу: |