Потенциометрлік әдісте қолданылатын электродтар
Тура потенциометрия
Потенциометриялық анализ әдістері
Потенциометриялық титрлеу
Тура потенциометрия әдісі - зерттелетін ерітіндіге батырылған индикаторлы электрод потенциалын өлшеп, Нернст теңдеуі бойынша ион концентрациясын есептеуге негізделген.
Е=Е0+0,058/n lgCMen+
lgCMen+=(E-E0)n/0.058
Тура потенциометрия әдісінің тәсілдері
рН-метрия
Ионометрия
Көбінесе тура потенциометрия ерітінді рН‑ын өлшеу үшін пайдаланады. Әдіс рН-метрия деп те аталады. рН-метрияда көбінесе шыны электрод пайдаланылады. Бірақ басқа электродтар да пайдалануға болады, мысалы, стандартты емес сутек электроды, хингидронды электрод, сурьма электроды.
Ионометрия әдісі ионды таңдап, талғап, оларды бөле алатын электродтар мен сенсорлардың жасалуына байланысты дамыды. Ионометрияны ионның құрамына енетін катион және анионға сәйкес катионометрия және анионометрия деп екі түрге жіктейді.
Достарыңызбен бөлісу: |