НСІ-ның, Н3С-СООН-ның немесе NaOH-нің 0,1 н бастапқы ерітінділерінен 10 см3 алып сиымдылығы 100 см3 өлшемді колбада 3 мәрте сұйылту арқылы ерітінділер әзірленеді. Әр бір сұйылту кезінде келесі колбаға пипетканың көмегімен 10 см3 ерітінді алынады. Әзірленген ерітінділерді бастапқыдан бастап стакандарға құйып, электродтарды батырып рН-нің 1-14 аралығында, соғынан анағұрлым тура аралықта өлшейді.
Өлшеуді 1-2 минут күтіп жүргізеді. рН-нің мәні бойынша сутектік иондардың белсенді концентрациясын есептейді (моль/дм3). рН-нің мәнінің қышқылдардың және негіздің концентрациясына тәуелділік графигін сызады. График бойынша электролиттің диссоциациялану дәрежесінің және оның табиғатының рН-нің мәніне әсерін анықтайды.

Соңынан Н3С-СООН-ның 0,1 н. ерітіндісінің 1 көлемін және NaOH-нің 0,5 көлемін алып буферлік қоспа дайындайды. Әзірленген буферлік ерітіндінің рН-нің мәнін өлшеп, оның буферлік әсерін анықтайды. Ол үшін НСІ-ның немесе NaOH-нің 0,1 н. ерітінділерінен аздап құйып (1-2 см3) рН-нің мәнін өлшейді.