Сабақтың мақсаты: Химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету



Дата27.09.2023
өлшемі1,69 Mb.
#110523
түріСабақ

Химиялық теңдеулер бойынша есептеулер

Сабақтың мақсаты:

  • Химиялық реакция теңдеулерін құруға үйрету.
  • Оқушыларға формулаларды дұрыс құрастыра білуге, химиялық реакция теңдеулерін құрастыруды түсінуге, реакцияларды теңестіре білуге сауаттылықтарын қалыптастыруға үйрету.
  • Оқушыларға сандық есептеулер, теңдеулер, валенттілік бойынша есептеулер

Күтілетін нәтиже:

  • А) Химиялық реакцияларды қайталайды
  • В) Химиялық реакция теңдеулерін құруда ережесін сақтап орындайды.
  • С) химиялық реакция теңдеулерін құрастырады, химиялық алғашқы ұғымдар бойынша есептер шығару алады. Реакция теңдеулерін жаза алады. Сандық есептеулер шығара алады .

1. Бәйге

  • Ең қиын жарыстың бәйге келді, Мықтылары ортада, шықсын енді. Тез жауап бер, ойланыпп тұрып қалма, Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
  • 1)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)
  • 2)Ең жеңіл металл.(литий)
  • 3)Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)
  • 4)Күкірт неше валентті?(2,4,6)
  • 5)Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)
  • 6)Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)
  • 7)Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)
  • 8)Көмір қышқылының тұзының аты.(карбонат)
  • 9)Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(иод)
  • 10)Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)
  • 11)Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)
  • 12)Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)
  • 13)Сұйық металл.(сынап)
  • 14)Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым.(Бутлеров)
  • 15)Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)

Ойлан да , шешімін тап . Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір:

  • Ойлан да , шешімін тап . Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір:
  • Lі+S Na + CI2
  • Lі+O2 Hg + CI2
  • S+O2 N2 + O2
  • Mg+CI2 Cu + O2
  • C+ O2 N2 +H2
  • Mn+CI2 AI+CI2
  • Mg+О2 Н2+ CI2
  • К+ O2 Ғе+ O2
  • 2. “ Ойшылдар ” ойыны

3.Есептер сыры

  • Тағы келді сыналар шақ айналып, Тереңіне білім теңіз байланып, Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр, Есеп шешер кезегі келіп тұр.

1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемі (л)

  • Шешуі: Мg + 2НСI → МgСІ2 + Н2
  • М(Мg) = 24 г/моль
  • m(Мg) = ν · М(Мg) = 1 моль · 24 г/моль = 24 г
  • 1,2 г Мg ----- х л Н2
  • 24 г Мg ----- 22,4 л Н2

325 г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің зат мөлшері (моль)

  • Шешуі: Zn + 2НСІ →ZnСІ2 + Н2↑
  • М(Zn)= 65 г/моль
  • m(Zn) = ν · М(Zn) = 1 моль · 65 г/моль = 65г
  • 325 г Zn ----- х моль Н2
  • 65 г Zn ---- 1 моль Н2

Массасы 16 г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылды.Түзілген мыстың массасы (г)

  • Шешуі: СuО + Н2 → Сu + Н2О
  • М(Сu)= 64 г/моль
  • m(Сu) = ν · М(Сu) = 1 моль · 64 г/моль = 64 г
  • М(СuО)= 80 г/моль
  • m(СuО) = ν · М(СuО) = 1 моль · 80 г/моль = 80 г
  • 16 г СuО ----- х г Сu
  • 80 г СuО ---- 64 г Сu

4. Кім жылдам?

  • Білімді мыңды жығады,
  • Білекті бірді жығады.
  • Алдағы білім шыңына,
  • Ең білімді жеткіншек шығады.

Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз:

  • Na→Na2O→NaOH →NaCI→NaNO3
  • Шешуі:
  • 4 Na + O2 = 2 Na 2O
  • Na2O + H2O = 2 NaOH
  • NaOH + HCI = NaCI + H2O
  • NaCI + AgNO3 = NaNO3 + AgCI↓

Cu → CuO → CuCI2→Cu(OH)2 → СuO → CuSO4

  • Cu → CuO → CuCI2→Cu(OH)2 → СuO → CuSO4
  • Шешуі:
  • 2Cu+ O2 = 2CuO
  • CuO + HCI= CuCI2 + H2O
  • CuCI2 + 2NaOH = Cu(OH)2 + 2NaCI
  • Cu(OH)2  CuO + H2O
  • CuO + H2SO4  CuSO4 + H2O

H2S → S →SО2 → SО3 → H2SO4 → CuSO4 → BaSO4

  • H2S → S →SО2 → SО3 → H2SO4 → CuSO4 → BaSO4
  • Шешуі:
  • 2H2S + О2 → 2S + 2 H2O
  • S + O2  SO2
  • 2SO2 + O2  2SO3
  • SO3 + H2O  H2SO4
  • Cu + H2SO4  CuSO4 + SО2↑ + H2O
  • CuSO4 + BaCI2  BaSO4 + CuCI2

5. Үйге тапсырма

  • §15(7,8); 16(6-8)
  • Бағалау

6. Рефлексия. «Таразы»..

  • Таразының салмақты жағы бүгінгі қосқан біліміміз.

Назар аударып, қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет