Оқушыларға формулаларды дұрыс құрастыра білуге, химиялық реакция теңдеулерін құрастыруды түсінуге, реакцияларды теңестіре білуге сауаттылықтарын қалыптастыруға үйрету.
Оқушыларға сандық есептеулер, теңдеулер, валенттілік бойынша есептеулер
Күтілетін нәтиже:
А) Химиялық реакцияларды қайталайды
В) Химиялық реакция теңдеулерін құруда ережесін сақтап орындайды.
С) химиялық реакция теңдеулерін құрастырады, химиялық алғашқы ұғымдар бойынша есептер шығару алады. Реакция теңдеулерін жаза алады. Сандық есептеулер шығара алады .
1. Бәйге
Ең қиын жарыстың бәйге келді, Мықтылары ортада, шықсын енді. Тез жауап бер, ойланыпп тұрып қалма, Осы ойыннан көрейік ерен ерді.
1)Заттың химиялық жолмен бөлінбейтін ең ұсақ бөлшегі.(атом)
2)Ең жеңіл металл.(литий)
3)Химиялық таңбаның алдына қойылатын цифр.(коэффициент)
4)Күкірт неше валентті?(2,4,6)
5)Натрийдың салыстырмалы атомдық массасы?(23)
6)Периодтық кесте неше топтан тұрады?(7)
7)Атом молекулалық ілімді ашқан ғалым.(М.В.Ломоносов)
8)Көмір қышқылының тұзының аты.(карбонат)
9)Алғашқы көмекке пайдаланатын бейметалл.(иод)
10)Электролиттік диссоциация теориясын ашқан ғалым.(С.Аррениус)
11)Айдаһар бейнесіне ұқсайтын элемент.(S)
12)Күкірт қышқылының формуласы.(Н2SO4)
13)Сұйық металл.(сынап)
14)Химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым.(Бутлеров)
15)Реттік номірі 19, салыстырмалы атомдық массасы 39-ға тең болатын элемент.(калий)
Ойлан да , шешімін тап . Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір:
Ойлан да , шешімін тап . Реакция теңдеуін аяқтап, теңестір:
Lі+S Na + CI2
Lі+O2 Hg + CI2
S+O2 N2 + O2
Mg+CI2 Cu + O2
C+ O2 N2 +H2
Mn+CI2 AI+CI2
Mg+О2 Н2+ CI2
К+ O2 Ғе+ O2
2. “ Ойшылдар ” ойыны
3.Есептер сыры
Тағы келді сыналар шақ айналып, Тереңіне білім теңіз байланып, Кім шешеді, сол сайыста ұтып тұр, Есеп шешер кезегі келіп тұр.
1,2 г магний тұз қышқылымен артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілген сутегінің (қ.ж.) көлемі (л)
Шешуі: Мg + 2НСI → МgСІ2 + Н2
М(Мg) = 24 г/моль
m(Мg) = ν · М(Мg) = 1 моль · 24 г/моль = 24 г
1,2 г Мg ----- х л Н2
24 г Мg ----- 22,4 л Н2
325 г мырыш тұз қышқылымен әрекеттескенде бөлінетін сутектің зат мөлшері (моль)
Шешуі: Zn + 2НСІ →ZnСІ2 + Н2↑
М(Zn)= 65 г/моль
m(Zn) = ν · М(Zn) = 1 моль · 65 г/моль = 65г
325 г Zn ----- х моль Н2
65 г Zn ---- 1 моль Н2
Массасы 16 г мыс (ІІ) оксидінің ұнтағы сутекпен толық тотықсыздандырылды.Түзілген мыстың массасы (г)
Шешуі: СuО + Н2 → Сu + Н2О
М(Сu)= 64 г/моль
m(Сu) = ν · М(Сu) = 1 моль · 64 г/моль = 64 г
М(СuО)= 80 г/моль
m(СuО) = ν · М(СuО) = 1 моль · 80 г/моль = 80 г
16 г СuО ----- х г Сu
80 г СuО ---- 64 г Сu
4. Кім жылдам?
Білімді мыңды жығады,
Білекті бірді жығады.
Алдағы білім шыңына,
Ең білімді жеткіншек шығады.
Мына өзгерістерді жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жаз: