Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу


толқын ұзындығы және заттардың оптикалық спектрлері, денелердің



Pdf көрінісі
бет15/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56
Байланысты:
УМКД

толқын ұзындығы және заттардың оптикалық спектрлері, денелердің 
түсі, жарықтың химиялық әсері (реакциялардың активтенуі және 
фотолиз), сыну көрсеткіші. Физика мен химиядағы бірдей физика-
химиялық ұғымдарды оқыту тәсілдеріндегі ұқсастықтар мен 
айырмашылықтар, дәстүрлі және инновациялық оқыту 
әдістері. Магниттік құбылыстар және химиялық қосылыстардың 
магниттелуі 
 
Сабақтың мақсаты: Химиялық қосылыстардың магниттелуі және 
магниттік құбылыстар жайлы түсінік беру 
Глосарий 
Магниттік 
құбылыстар-магнетизмді 
тасымалдаушы 
микробөлшектердің магнит және механикалық моменттерінің өзара 
байланысына негізделген құбылыстар жиыны. 
Магниттелу-сыртқы магниттік өріс кернеуінің артуынан магниттелудің 
өсуі. 
Полюстер-барлық магнитті меридиандары қиысып, магнитті меңзер 
тігінен тұратын жер бетіндегі нүкте. 
Магнит өрісі — қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті 
бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. 
Магнит– магнит өрісін туғызатын дене. 
Магнетизм1) электр токтарының, токтар мен магниттік моменті бар 
денелердің (магниттердің) және магниттердің араларындағы өзара әсерлесудің 
ерекше түрі. 
 
Жоспар: 
1.Физика және химия ғылымдарының байланысы 
2. Магниттік құбылыстар 
3. Химия қосылыстардың магниттелуі 
Химия мен физика іс жүзінде бірдей объектілерді зерттейді, бірақ 
олардың әрқайсысы осы объектілердеөзжағын, зерттеутақырыбынкөреді. 
Сонымен, молекула тек химиянығана емес, сонымен қатар молекулалық 
физиканы да зерттеу нысаны болып табылады. Егер біріншісі оны 
түзілузаңдылықтары, құрамы, химиялық қасиеттері, байланыстары, оның 
құрамдас атомдарға бөліну шарттары тұрғысынан зерттесе, онда соңғысы 
жылу құбылыстарын, әртүрлі агрегаттық күйлерді, газ тәріздес күйден сұйық 
және қатты фазаларға ауысуды анықтайтын молекулалар массаларының 
әрекетін статистикалық зерттейді және керісінше, молекулалар құрамының 
өзгеруіне 
және 
олардың 
ішкі 
химиялық 
құрылымына 
байланыстыемесқұбылыстар. 
Әр 
химиялық 
реакциядағы 
реагент 
молекулаларының массаларының механикалық қозғалысымен , жаңа 


молекулаларда үзіліп немесе байланыс түзілуіне байланысты жылу шығару 
немесе сіңіру химиялық және физикалық құбылыстардың тығыз байланысын 
сенімдітүрдекөрсетеді. 
Сонымен, 
химиялықпроцестердіңэнергиясы 
термодинамика заңдарымен тығыз байланысты. Әдетте жылу мен 
жарықтүрінде 
энергия 
шығарумен 
жүретін 
химиялық 
реакциялар 
экзотермиялық деп аталады. Энергияны сіңірумен жүретін эндотермиялық 
реакциялар да бар. Реакция кезінде бөлінетін энергия мөлшерін (химиялық 
реакцияның жылу әсері) өлшеу арқылы жүйенің ішкі энергиясының өзгеруін 
бағалауға болады. Ол моль (кДж/моль) кило джоульмен өлшенеді. Осылардың 
жиынтығы молекулалық – кинетикалық теория, Авагадрозаңы, әртүрлі 
изопроцестермен және т.б. тығыз байланысты. Егер молекулалық – 
кинетикалық теория туралы айтсақ, оның негізгі қағидалары:
1. барлық денелер атомдар мен молекулалардан құралады.
2. атомдар үздіксіз ретсіз қозғалыста болады. Атомдарды өзара бір – 
біріне тартатын күштер болады. Өте жақын қашықтықта атомдар бірін – бірін 
тебеді. 
3. атомдардың және молекулалардың қозғалысы, олардың өзара әрекеті 
механика зандары арқылы көрсетіледі. Осы теориядан химия мен физика 
арасындағы байланысты анық көруге болады, яғни физиканың кинетика мен 
механика бөлімі мен химияның молекулалар мен атомдар ұғымдары 
байланысады. Ал Авагадро заңы болса ол газдар көлемі туралы айтатын заң. 
Авагадро заңы – бірдей температура, қысым және көлемде алынған әртүрлі 
газдардың молекула саны бірдей болады. Осыдан авагадро тұрақтысы Na = 
6,022 * 10^23 1/моль – заттың бір молінде қанша молекула болатының 
көрсететін сан шықты. Барлық айтылған теориялардан заттардың массасын, 
мөлшерін, көлемін табуға болады. Ѵ = N/Na = m/M – затмөлшері Ѵ = N/V – 
газдың концентрациясы PV= ѴRT – идеал газ.
Магнит (грекше magnetіs, Magnetіs lіthos – Магнесия тасы; Магнесия – 
Кіші Азиядағы көне қала) – магнит өрісін туғызатын дене. Магнит өрісіне 
ендірілгеннен дененің магниттік қасиетке ие болатын кесегі жасанды магнит 
деп аталады. Ал алдын-ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті 
материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, 
т.б.) бар магнит тұрақты магнит деп аталады. Ол электроникада, 
радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі 
ретінде кеңінен қолданылады. Магнит – Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді 
ферриттер, т.б. негіздегі қорытпалардан жасалады. Асқын өткізгіш 


материалдан жасалған орамасы бар соленоидты немесе электрмагнитті асқын 
өткізгішті магнит деп атайды. Оны заттардың магниттік-электрлік және 
оптикалық қасиеттерін, плазманы, атомдық ядроларды және элементар 
бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады. 
Магниттік механикалық құбылыстар, гиромагниттік құбылыстар — 
магнетизмді тасымалдаушы микробөлшектердің магнит және механикалық 
моменттерінің өзара байланысына негізделген құбылыстар жиыны. Қозғалыс 
мөлшерінің моменті бар кез келген микробөлшектің (электрон, протон, 
нейтрон, атом ядросы, атом) белгілі бір магниттік моменті де болады. 
Сондықтан микробөлшектер жүйесінің (физикалық денелер, үлгілер) қозғалыс 
мөлшерінің моменті артса, денеде (үлгіде) қосымша магнит момент пайда 
болады; керісінше, магниттелу кезінде дене қосымша механикалық моментке 
ие болады. Магниттік механикалық құбылыстар атомның магнит моментінің 
оның толық механикалық моментіне қатынасын (гиромагниттік немесе 
магниттік механикалық қатынас) анықтауға және әр түрлі заттардағы 
магнетизмді тасымалдаушылардың табиғаты туралы қорытынды жасауға 
мүмкіндік береді. Магнетизм құбылысын зерттеуге арналған жаңа әдістердің, 
әсіресе, резонанстық әдістің жасалуына байланысты Магниттік механикалық 
құбылыстардың ғылыми-зерттеулер жұмыстарындағы рөлі төмендеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет