Өткен тақырыптарға шолу жасау мақсатында «Алфавит» әдісін қолданамын. А,Т,К,Е,С әріптеріне байланысты өткен тақырыптардағы атауларды сұраймын.
Қ.Б. «От шашу» әдісі арқылы топтарды бағалаймын.
«Геометрия»
8-сынып
Ж.Қайдасов, Г.Хабаров, А.Абдиев
Сабақтың ортасы
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсатын нақтылау үшін «Алдын-ала берілген атаулар» әдісін қолданамын. Интерактивті тақтада берілген 4 сөзге оқушылар анықтама беріп өтеді.
Координата
Ара қашықтық
Нүкте
Абсцисса осі
Осы сөздерге анықтама беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбымен таныстырамын және сабағымызға мақсат қоямыз.
Жаңа сабақты меңгерту үшін «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісін қолданамын.
Теориялық бөлім: Екі нүктенің арақашықтығын табу формуласы:
;
Егер координаталар басы О(0; 0) нүктесінен М(х; у) нүктесіне дейінгі қашықтықты табу керек болса, онда
ОМ2 = х2 + у2 формуласымен анықталады.
Қ.Б. «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын білдіреді.
Дәптермен жұмыс
«Сұрақ ілмегі» әдісін пайдалану арқылы жеке жұмыс жүргіземін. Бұл әдіс барысында есеп шығаруда кездесетін барлық сұрақтарды ортаға саламын.
Тапсырма 1. Координаталар басынан мына нүктелерге дейінгі қашықтықты табыңдар:
1) М(− 4; 3);
2) N(− 3; 1) ;
3) К(4; − 4);
Дескриптор: Білім алушы -екі нүктенің арақашықтығын табу формуласын қолданады;
-нәтижесін дұрыс есептейді;
Қ.Б. Есепті «Көршіңді сына» әдісі арқылы оқушыларды бағалаймын
Саралау. 2-тапсырманы орындату мақсатында «Бірге ойлаймыз» әдісін қолданамын. Екі оқушы бір-біріне қолдау көрсетеді
Тапсырма 2.Үшбұрыштың А(2; 1), В(− 6; 7) және С(2; − 2) төбелері берілген. Үшбұрыштың периметрін табыңдар.
Дескриптор: Білім алушы - үшбұрыштың әрбір қабырғасын екі нүктенің арақашықтығы формуласымен дұрыс есептеп табады;
-периметрдің формуласын пайдаланады;
-нәтижесін дұрыс есептейді;