Көрнекілігі: «Қыз елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), қыздар мен аналар жайлы мақал - мәтелдер, қанатты сөздер, шармен, гүлмен безендірілген бөлме, қатысушы қыздардың фотосуреттерінен слайд
Бөлімі:
І. Қыздар сайысы ІІ. Аналарға құрмет 1. Ұлттық киім үлгісін бағалау
2. Өзін - өзі таныстыру.
3. Өнер көрсету
4. Сұрақ - жауап.
5. Үй тапсырмасы
6. Ас мәзірін даярлау.
7. Қолөнер.
8. Сән үлгісі.
Жүргізуші: – Сіздерді алда келе жатқан көктемнің алғашқы мерекесі 8 - наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Осы мереке қарсаңында өткізіліп отырған «Көктем аруы» атты қыз сыны байқауына қош келдіңіздер!
Мың бұралған арулар билей басып,
Келеді міне ортаға толқып тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Көңілді қошеметпен қарсы алайық!
(Арулар сахна төріне М. Ералиеваның «Қыз сыны» әніне билеп шығады)
Жүргізуші: – Сайысымыздың шарты бойынша қыздар гүлді таңдап, оның ішіндегі нөмерін алып, сол ретпен өнерін көрсетеді. Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1. Өзін - өзі таныстыру.
2. Өнер көрсету
3. Сұрақ - жауап.
4. Ас мәзірін даярлау.
5. Сән үлгісі
6. Қолөнер.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.-----------------------------------------------------
Алдарыңызда 20 30 40 50 сандары жазылған ұпайлар жатыр. Сайыстың шарты бойынша әр сайыс аяқталған соң аруларымызға ұпай беріп қорытынды жасап отырасыз.
Көп сөйлеп жөн - жобадан аспайық біз,
Қандай сайыс болса да, қашпайық біз.
Ал, енді, халқым, рұқсат етсеңіздер.
“Көктем аруы” сайысын бастайық біз.
- Нұрын төккен көктемде алғашқы көрінген жауқазын бейнелі көрікті мейрам, әсемдік пен сұлулыққа, әдемілік пен нәзіктік қуатына табынтар сәт – әйелдер мерекесі тағы да құтты болсын деп сайысымызға қатысқалы тұрған аруларымызды таныстырамыз. Нөмір таңдап ретін анықтау. 1 - сайыс:
Өнер қуып арулар өтер деймін
Бір басына өнері жетер деймін.
Бәсекеге түскен төрт ару кезектесіп
Таныстырып өздерін өтер деймін.