Оқулықпен жұмыс. Жаңа материалмен жұмыс. Оқушылар өз бетінше оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерімен танысады.
Оқулықтағы сурет бойынша мұрын қуысының ерекшеліктерін оқушыларға баяндату.
Мұғалім: Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесі деп аталады. Суық ауа мұрын қуысында жылынады, ал ыстық ауа салқындайды және өз жылуын қан тамырларына береді.Барлық тыныс жолдары шырышты қабатпен қапталған.Ол микробтарды,шаң-тозаң мен зиянды заттарды сүзіп қалады.
Бейнеанимация көру.Көргендерін сипаттау.
Тыныс алу жүйесі. Оқушылар жұптасып тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жататынын талдайды. Талқыланатын сұрақтар:
Сурет бойынша тыныс алу жүйесі неден тұратынын ата.
-Тыныс алу жүйесіне қандай мүшелер жатады? (Мұрын,кеңірдек,ауатамырлары,оң жақ өкпе және сол жақ өкпе)
-Тыныс алумүшелері қайда орналасқан? (Қабырға астында,көкірек қуысында)
-Тыныс алу мүшелеріне қандай мүшелер жатады?
ҚБ. Түстер арқылы бағалау.
Зерттеу жұмысы. Мақсаты: Дереккөз түрлерін анықтай алуды үйренеді, тыныс алу жүйесі құрылысының ерекшелігі мен орналасу ретін үйреніп, оларды атап көрсете алады, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын анықтайды, зерттеу жұмысы барысында модель құрастырады.
Оқушыларды тақырыпқа сәйкес ұғымдарды пайдаланып бірнеше топтарға біріктіру.
Ресурс таратып беру: қағаз парақтар, жапсырма, фломастер,өкпе,
Мұрын қуысы,кеңірдек суреттері,желім.
Топқа бөлу. Топ: Мұрын тобы.
Топ: Кеңірдек тобы.
Топ: Ауатамырлар тобы.
Топ: Өкпе тобы.
Топ ережесін құрастыру. Модель жасау.Топтық жұмыс. «Тыныс алу жүйесі қалай құрылған»
Оқушыларға тыныс алу мүшелерінің суреттерімен адам макетін беру. Оқушылар тыныс алу мүшелерінің суреттерін қияды, бояйды және жабыстырады. Басқа парақтарға тыныс алу мүшелерінің атауларын жазады. Дайын суреттерді адам сұлбасына орналастырады және жазылған атауларын сәйкестендіріп жабыстырады. Жұмыстарын сынып алдында қорғайды, тыныс алу мүшелерінің қызметі жайлы толық түсіндіреді. Басқа топтар өз жұмыстарымен салыстырады, толықтырулар енгізеді.