Пән: Жаратылыстану
Сынып: 3
Жанды табиғат. Адам
|
Мектеп: Алға орта мектебі
Қатысқандар саны: 20
Қатыспаған оқушылар: -
|
Күні: 15.11.18
|
Мұғалімі: Ележанова Айжан Муканалиевна
|
Тақырыбы:
|
Тыныс алу мүшелері
|
Оқу мақсаты:
|
3.2.3.3 тыныс алу жүйесі мен оның адам ағзасындағы рөлін сипаттау;
3.1.2.1 ақпарат көзінің түрлерін анықтау;
|
Сабақтың
мақсаты:
|
Оқушылар:адамның тыныс алу мүшелері және олардың қызметімен танысады.
Адамның ішкі ағзаларының орналасуын біледі.
|
Бағалау критерийі
|
|
Тілдік мақсат
|
Оқушылар:
Тыныс алу мүшелері жайлы ақпаратпен танысып, сұрақтарға жауап береді;
Тыныс алу мүшелерінің қызметін кестеге толтырады;
Сынып алдында өз жұмыстарын қорғайды.
|
Пәндік терминология мен тірек сөздер:
|
өкпе, ауатамырлар, кеңірдек
|
Құндылықтар
|
дене мүшелерін күту және сақтау
|
Пәнаралық байланыс
|
әдебиеттік оқу
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
презентация
|
Алдыңғы меңгерілген білім
|
Өсімдіктер мен жануарлардың тыныс алу үдерісі жайлы біледі
|
Сабақ барысы
|
Жоспарланған уақыт
|
Сабақта жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
|
|
|
Сабақтың басы
1 минут
4 минут
|
Ұйымдастыру. Оқушылар шеңберге тұрады.
Ойсергек.
Сәттілік біздер тілейік.
Мен саған, сен маған,
Күндей күліп жүрейік.
Күннің нұрын төгейік,
Мен саған, сен маған.
Сұрақ-жауап. Өткен материалмен жұмыс.
1.Ас сілекеймен араласып,майдаланатын қуыс.(ауыз қуысы )
2.Ас қоймалжың ботқаға айналып,қорытылатын қуыс қалташа. (асқазан)
3.Жұтқыншақты асқазанмен байланыстыратын мүше.(өңеш )
4.Қорытылған астың қанға сіңіп,ағзаға тарауына көмектесетін мүше.(ішектер)
Қол шапалақтау арқылы бағалау.
Қызығушылықты ояту.
Кіріспе тапсырма.
«Тыныс алу – тыныс шығару».
Мақсаты: Тыныс алғанда және тынысты шығарғанда ауаның ағзаға ықпалын түсінеді.
Оқушылардың қолдарын кеуделеріне қойғызып терең дем алуларын сұрау.Әдетте, біз өзіміздің қалай тыныс алғанымызға мән бермейміз.
-Терең тыныс алғанда қандай өзгеріс байқалды?
-Қабырғамыз жоғары көтерілді ме?
-Ал енді демімізді сыртқа шығарып көрейік. Не өзгерді?
- Қане, бәріміз аузымызды жауып, мұрнымызды қысып тұрып демалып көрейік. (уақытты белгілеу)
-Не байқадыңдар? ( тыныс алғымыз келді)
Демді қалай ұзақ ұстап тұруға болады? (Бірнеше секунд қана )
ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы
Мұғалім : Бірнеше секунд қана демді іште ұстай аламыз,тек арнайы жаттыққан адамдар ғана бірнеше минут демалмай тұра алады.
- Адам тыныс алу үшін не қажет?
Қорытынды: Адам тыныс алу үшін оттегі қажет. Барлық тірі табиғат мүшелері оттегімен тыныс алады. Егер оттегі жетпесе, тыныс алу қиындайды.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын айқындау.
Бүгінгі сабақта тыныс алу үрдісіне қатысатын мүшелермен танысатынын, тыныс алу жүйесі қалай құрылғандығын зерттейтінін хабарлау.
-Балалар, бүгінгі сабағымызда тыныс алу мүшелері қалай аталатынын және қандай болатынын меңгереміз.
|
|
Сабақтың ортасы
4 минут
4 минут
7 минут
2 минут
4 минут
7 минут
2 минут
|
Қалай дұрыс тыныс алу керек?
Мақсаты: Мұрын қуысының ерекшеліктерін сипаттау.
-Мұрындарыңа алақандарыңды тосып,баяу тыныс алыңыздар.Нені сездіңіздер? (шыққын жылы демді сезді)
|