Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Әдебиеттік оқу
|
Бөлім:
|
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 3
|
Қатысқандар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы:
|
39. Керемет күмбез.
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
3.2.9.1 шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табу және ақпаратты сызба түрінде беру
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқушылар шығарманың мазмұнына сәйкес түрлі дереккөздерден: иллюстрация, әдеби кітаптар, мультфильмнен нақты ақпаратты табады және ақпаратты сызба түрінде береді
|
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 минут
|
I.Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Психологиялық дайындық
Ән саламыз күнде біз,
Шаттық толы іргеміз.
Біз мәңгіге достармыз.
Біз мәңгіге біргеміз
|
1.Мұғаліммен сәлемдеседі.
2.Өлең шумағын мәнерлеп айтады
.
|
Жарайсыңдар!
|
|
3 минут
|
II. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен сабақты пысықтау. Серпілген сауал әдісі.
1. Бақыт құсы дегенді қалай түсінесің?
2. "Балалық шақ" өлеңінде ақын нені өсиет етеді?
3. Таңғы, түскі, кешкі ас туралы нақыл сөздер айт.
|
Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.
|
Ауызша мадақтау
Дескриптор
1.Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтады.1б
|
|
Сабақтың ортасы
2минут
Білу.
5 минут
Түсіну
10 минут
5 минут
2 минут
2 минут
4 минут
4 минут
|
Оқушыларды оқу мақсаты және бағалау критерийімен таныстырамын.
III. Жаңа тақырып.
Білу және түсіну Оқулықпен жұмыс.
1-тапсырма. Сөзжұмбақты шеш. Ол үшін берілген мақал-мәтелдегі көп
нүктенің орнына қажетті сөздерді қой.
1. Күн– ортақ, ай – ортақ,
Жақсы – ортақ.
2. Жақсылардың үлгісі –
Жанып тұрған шамдай.
3. Ырыс алды –ынтымақ.
4. Әдепті бала – арлы бала.
5. Еріншектің ертеңі бітпес.
6. Жүз теңгең болғанша,
жүз досың болсын.
2-тапсырма . Мәтінді түсініп оқы.
Керемет күмбез
3-тапсырма. Мәтіннен қандай ақпарат алдың? Сызбаға түсір.
Туған жері- Түркістан
Оқыған жері- Иран
Ясауи деп аталу себебі: Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері Түркістанға оралып, сол кезде аты ғана бар "Ясы" деген жерге қоныс тебеді. Сол жерге жұрт біртіндеп жиналып, қалаға айналады. Кейінгі ғасырларда Ясауидың аты жайылған соң, бұл мекен дін және мәдениет орталығы ретінде танылады.
Күмбез туралы мәлімет: Қожа Ахмет Ясауи қайтыс болғаннан кейін , әйгілі Ақсақ Темір оның басына Орта Азияда теңдесі жоқ керемет күмбез салдырады. Ғимараттың биіктігі 37 метрден асады. Керемет күмбез қазір әлемдік мәднеи мұралар қатарына енген.
Кесене туралы сенің ойың: Кесене өте әдемі жасалған. Киелі жерде орналасқан.
Сергіту сәті
"Күлкі витамин" әні
ЕБҚ
1. Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып көрдің бе?
2. Тағы қандай сәулетті ғимараттар білесің?
4-тапсырма. Қожа Ахмет Ясауи туралы аңызды тыңда.
5-тапсырма. Қазақстанда тағы қандай сәулетті ғимараттар бар? Ой бөліс.
|
Сөзжұмбақты шешеді. Ол үшін берілген мақал-мәтелдегі көп
нүктенің орнына қажетті сөздерді қояды.
.
Мәтінді түсініп оқиды.
Мәтін бойынша 3 сұрақтан құрастырады.
Сұрақтарға жауап береді. Мәтіннен қандай ақпарат алғанын сызбаға түсіреді.
Сергіту сәтін іс-қимылмен көрсетеді.
Қожа Ахмет Ясауи туралы аңызды тыңдайды.
Қазақстандағы сәулетті ғимараттар туралы ой бөліседі.
|
|