Сабақтың мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу



бет2/3
Дата16.01.2023
өлшемі152,21 Kb.
#61528
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
тіл білгірі

1кезең: «Сөз тапқанға қолқа жоқ» 
Әр топқа бір әріп беріледі: 
«Тұлпар» тобына «А» әрпі, «Домбыра» тобына «Ж» әрпі. 
Топтар 1 мин ішінде сол әріптен басталатын әр сөз табынан келетін сөздер жазып, қойылған сұрақтарға тек сол әріптен басталатын, өздері жазған сөздермен жауап береді. Дұрыс жауап – 1 ұпай. 
«Тұлпар» тобына: 



1. Сен кімсің? 
2. Бірінші септік? 
3. Ең жақын адам ? 
4. Еліміздің бас қаласы? 
5. Нешінші сыныпта оқисың? 
6. Сүттен жасалған сусын? 
7. Ең әдемі құс? 
8. Саған ертегі айтатын? 
9. Бал жинайтын жәндік? 
10. Ең тәтті жеміс? 


«Домбыра» тобына: 
1. Сен қалай оқисың? 
2. Сағыз қанша тұрады? 
3. Қазақ тілінде неше септік? 
4. Әжең қайда тұрады? 
5. Гүл қайда өседі? 
6. 1қаңтар қандай мейрам? 
7. Кімде?Неде? қай септіктің сұрағы? 
8. Диванда отырып, әке не оқып отыр? 
9. Сиыр, қой, түйе нелер? 
10. Ең ыстық мезгіл? 


(әділқазыларға сөз) 
2 кезең: «Мың бір мақал» 
«Мақал сөздің мәйегі» деп мақал мәтелдер жарысын бастайық. 
Топтар тіл туралы мақалдарды кезекпен айтады.
 (әділқазыларға сөз) 
3 кезең: «Маржан сөз». 
«Оқы да біл, ойна да күл» ойыны
арқылы сөздерді қазақша ұйқастырып кезекпен айту: 
Мысық - қасық - асық – иық. 
(әділқазыларға сөз) 
4 кезең: «Шешендік өнер». Берілген мақалдың жалғасын табу: 
1. Отансыз адам - .... (ормансыз бұлбұл). 
2. Ер - елінде, .....(гүл - жерінде). 
3. Отан - ....(отбасынан басталады). 
4. Мектеп - кеме, .....(білім - теңіз). 
5. Күш - білімде, .....(білім - кітапта). 
6. Ел іші - ....(алтын бесік). 
7. Ақыл азбайды, ....(білім тозбайды). 
8. Жүз теңгең болғанша, ....(жүз досың болсын). 
9. Кітап - ....(алтын қазына). 
10. Қыз - .....(қонақ). 
(әділқазыларға сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет