«Тіл білгірі» сыныптан тыс іс-шара
Сабақтың мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілді құрметтеуге тәрбиелеу;
қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, тілге сүйіспеншілікті тудыру; елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: тақтада даналық сөздер, сайыстың атауы, суреттер.
Қатысушылар: 6 сынып оқушылары.
Сабақтың барысы:
1.Мұғалімнің кіріспе сөзі: Қазақстан көп диаспоралы, әр тілде сөйлейтін ел. «Жеті түрлі білім біл, жеті жұрттың тілін біл» деген дана халқымыз. Өз ана тілімен қатар мемлекеттік тілді-қазақ тілін жетік меңгеруіміз керек. Бүгінгі таңда біздің мектептің оқушылары үш тілде еркін сөйлей алады. Жыл сайын қыркүйек айында мектебімізде Тіл мерекесі өтеді. Биыл да осы мерекеге байланысты «Тіл білгірі» сайысын өткізгелі отырмыз.
Шараның ұраны: «Пейіл мен ынта болса, мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».
Кім білімді, өнерпаз білейікші,
Оқушылар алғыр деп жүрейікші.
Әділқазылар алқасына тек әділдікті,
Сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші!
2. Қатысушылар мен әділқазылармен таныстыру: а) Сайысқа қатысушылармен таныстыру:
Бүгінгі сайысқа 5 сынып оқушылары қатысқалы отыр.
«Тұлпар» тобы. Ұраны: Жауап беріп сұрақтарға дәл, анық,
Достықтың жеңетіні дәл, анық.
«Домбыра» тобы. Ұраны: Бірігіп жарыса топта,
Жеңімпаз атанымыз бұл сайыста.
ә) әділқазыларды таныстыру:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда,
Оларға құрметпен қол соғылады деп, сайыскерлерімізді бағалайтын, шындықты жарып айтатын әділқазылар алқасымен таныс болыңдар.
3. Сайыстың өту барысымен, шартымен таныстыру: Сайыс 7 кезеңнен тұрады. Тапсырмалар әр түрлі болып келеді, жауаптарын топта талқылап, қорытынды шығарып, айту керек; топтың мүшелері сайысқа түгел қатысулары керек.
4.Сайыстың тапсырмалары: