Психологиялық ахуал туғызу.
1)Шаттық шеңберін құрамыз. Ортаға шығып шеңбер құрады.Сиқырлы дорбадан кәмпиттерді алып, достық, татулық туралы сөздер оқиды. Хормен қайталайды.
2) Топқа бөлу. Кәмпиттің суреті бойынша екі топқа бөлінеді. Ақ аю мен қоңыр аю.
Сергіту сәті.
Аю,аю түршы,
Бетіңді жушы.
Шашыңды тарашы,
Айнаға қарашы.
І. Сабақтың тақырыбымен, мақсатын айту
Кәмпиттердің суреті және сергіту бойынша тақырыпты айтады.
Балалар, біз бүгін сабақта не қайталаймыз? Сабағымыздың тақырыбы қандай?
Мультфильмдер.
Нені біліп, үйренуіміз керек?
Мультфильмдерді көреміз, сұрақтарға жауап береміз. Сөйлем құраймыз.
Қандай мультфильмдерді білесіңдер?
Ну, погоди, Алдаркөсе , Тігінші мен Ай, Балақай мен Карлсон.
Сенің сүйікті мультфильмің бар ма?
Иә, бар
Қандай мультфильм?
Тігінші мен Ай.
Ол не туралы?
Тігінші мен Ай туралы.
Жақсы балалар, мультфильмдерді есімізге түсірдік. Ендеше бүгінгі сабақтың жоспары төмендегідей.
Достарыңызбен бөлісу: |