Сабақтың тақырыбы:Менің сүйікті мультфильмім
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың танымдық қабілетін және ауызекі сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың міндеті: Оқушылардың білімдерін жүйелеу, бекіту, үйлестіру, тақырыпқа байланысты өз ойын айта білуге үйрету.Сөздік қорын байыту, қызығушылық белсенділігін арттыру, сөйлеу дағдысын дамыту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Күтілетін нәтиже: Топпен жұмыс жасап дағдыланады. көзқарастарын айтып, пікір білдіреді.
Сабақтың түрі: Білімдерін жалпылау және жүйелеу
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Жеке, топтық, жұптық жұмысты «Пазл ойыны, «Атын ата!», «Әуенді тану», »«Хикая картасы», «Әріптес» әдістері арқылы өткіздім.
Сабақтың көрнекілігі: Бейне материал, түрлі-түсті жапсырма қағаздар, парақшалар.
Пәнаралық байланыс: Музыка.
Сабақта ойын технологиясының элементтерім қолдандым. Кембридж технологиясының жеті модулін «Пазл ойыны, «Атын ата!», «Әуенді тану», «Хикая картасы», «Әріптес» әдістері арқылы кіріктірдім.
Сабақтың мақсатына жеттім деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: |