1-Слайд - Қайырлы күн, әріптестер!
Мен, Валиева Умит Дильмухамбетовна, Спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернатының математика пәні мұғалімімін.
Жаңартылған білім беру курсының тақырыбы ретінде бүгінгі қысқа мерзімді сабақ жоспарымды қорғау үшін Алгебра пәні бойынша 10 сыныпты таңдап алдым. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша сабағымның бөлім атауы «Туынды» Тақырыбы: «Туындыны табу ережелері» Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 10.3.1.10 Тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның туындыларын табу.
Бұдан шығатын сабақтың мақсаты:
Туындыны табу ережелерін білу;
Тұрақты функцияның және дәрежелік функцияның табу формуласын игеру;
Туындыны табу ережелерін есептер шығаруда қолдану.
2-Слайд Оқу мақсатына қол жеткізу үшін сабақта мынадай белсенді әдіс-тәсілдерді қолдандым:«Жүректен-жүрекке», « Конверттегі сұрақ» әдісі, «Галереяны аралау», «Пазл» құрастыру, «Сәйкестендіру», «Постер» қорғау , «БББ» әдістері.
Соның ішінде сабақтың басында оқушылармен ортаға шаттық шеңберін құрып, «Жүректен-жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір-біріне тілек тілеу арқылы сыныпта жағымды ахуал жасадым.
Сабақты алдыңғы біліммен байланыстыру үшін шеңбер ішінде тұрып «Конверттегі сұрақ » әдісі арқылы үй тапсырмасына шолу жасадым. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды «Қол шапалақтау» арқылы бағаладым.
Оқушыларды 3 топқа бөлу үшін туынды формулалары арқылы «Пазл» әдісін қолдандым.
Сабақтың ортасында «Галереяны аралау» әдісібойынша тақтаға жапсырылған туындыны табу формулаларын әр топ оқушылары галереяны аралап, І топ 1-ережені «Сәйкестендіру», 2-топ 2-ережені «БББ» кестесі, 3-топ 3-ережені «Постер» қорғау арқылы қорытып, бір-біріне сұрақтар қойып, «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бір – бірін бағалады.
Ондағы негізгі мақсатым: берілген есепті ұжым болып талдау кезінде есептің шығарылу жолын біртіндеп талдау арқылы нәтижеге жету.
Жаңа сабақты бекіту үшін «Инсерт» әдісі бойынша оқушылар,
жаңа материалмен таныса отырып, түртіп алу жүйесімен мәлімет жинайды, саралайды, бағалайды және тапсырманы оқып, түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс жасайды.
Сабақтың соңында «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылырефлексия өткіздім.
«Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын айтады.
Бірнеше оқушыдан өздерінің рефлексиясын оқуды сұрадым
Бүгін мен ..................................білдім
Тапсырманы ............................ орындадым
Сабақ ........................................болды
Бұрын мен ................................білмеуші едім
Мен ...........................................сезіндім
Менің қолымнан ......................келеді
Осылардың ішінде оқу мақсатына толықтай қол жеткізуде «Галереяны аралау» әдісі өте тиімді болды. Бұл әдісте әр топ өз беттерімен ережені қорытып, ережені өздері қолданып есептер шығаруда ұтымды болды. Бұл әдісте ұтымды болғаны оқушылар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалай білді. 3-Слайд Оқушылардың оқу мақсатына жетуіне және оларға қолдау көрсету мақсатында қажеттіліктерін ескере отырып, мынадай саралау жұмыстары жүргізілді.Топтау; қолдау; бағалау; нәтиже.
«Бағалау» бойынша саралауда сыныптағы жекелеген оқушылардың нені үйренгенін анықтауға және оны бағалауға мүмкіндік береді. Мұғалімдер оқушылардың табысты оқуын қамтамасыз етумен қатар, оқушының жеке даму аймағын анықтау арқылы нені жақсарту қажеттігін түсінуге мүмкіндік беретін икемді үдеріс болып табылады. Бұл саралау кезінде оқушылар деңгейлік тапсырмалар орындады, оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергендерін анықтай алдым.
4-Слайд Оқу мақсатына қол жеткізуде тапсырмаларды орындатуда мынадай қалыптастырушы бағалау жұмыстарын қолдандым. Мысалы, «Екі жұлдыз, бір тілек», «Қызық. Қиын. Құнды» , сабақ соңында «Жапондық бағалау» әдістері арқылы бағаладым. Соның ішінде «Қызық. Қиын. Құнды» әдісі тиімді болды. Бұл бағалауда берілген тапсырмаға әрбір оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен бөліседі. Бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады. Сабақ соңында оқушылардың сабақты қаншалықты түсінгендерін, оқу мақсатына қаншалықты жеткендігін білу үшін «Аяқталмаған сөйлемдер» әдісі арқылы рефлексия жасап, кері байланыс жүргіздім.
5-Слайд Ықшамсабақ маған не берді дейтін болсам, ықшамсабақ беруде мен сабақ тақырыбының ұзақ мерзімді жоспарға негізделетінін, оқу мақсатынан сабақ мақсатын шығаруды, ҚМЖ –ны құрылымдауды, оқу мақсатына сай белсенді оқу әдістерін дұрыс таңдауды, қалыптастырушы бағалау әдістерін саралап оқыту әдістерін үйреніп білдім. Тренердің ұсынысы бойынша оқу мақсатына негізделген деңгейлік тапсырмалар оқушылардың қабілетіне назар аудара отырып таңдадым және соның нәтижесінде «Галереяны аралау» әдісін алдым. Әріптестерімнің кері байланысы нәтижесінде әр тапсырмаға қалыптастырушы бағалау әдістерін таңдай білдім.
Алдағы уақытта оқу мақсатына сай тиімді әдіс-тәсілдерді таңдап, оқушылардың бойында білу,түсіну, қолдану және бағалау дағдыларын қалыптастыру үшін әр сабағымды түрлендіріп өткіземін. Оқушылардың қабілеттеріне қарай саралау тапсырмаларын таңдайтын боламын. Теорияда алған бар білімімді практикада жүзеге асырамын.