«Химиялық диктант» әдісі. Үй тапсырмасы Иә-жасыл,жоқ –қызыл 1.Тотығу дәрежесі – қосылыстағы элементте электрондарын толық беру немесе қосып алу нәтижесінде пайда болған заряд
2.Күрделі заттағы элементтің тотығу дәрежесі 0-ге тең
3.Кейбір элементтердің қосылыстардағы тотығу дәрежесі тұрақты болады
4. Металдардың барлығы оң тотығу дәрежесі оның валенттілігіне сәйкес,мысалы Na+1 ; K+1 ; Ca+2 ; Mg+2 ; Ba+2 ; Al+3
5 Электрондар беру процесі-тотықсыздану
6.электрондар қосып алу процесі тотығу деп аталады
7.Барлық ион алмасу реакциялары тотығу –тотықсыздану реакцияларына жатады
8.Барлық орынбасу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясына жатпайды
9.Жәй зат қатысатын барлық қосылу және айрылу реакциялары тотығу –тотықсыздану реакцияларына жатады
10.Тек қана орынбасу реакциялары тотығу-тотықсыздану реакциясы болып табылады
«Миға шабуыл» әдісі. Ой қозғау Видеоролик: «Көміректің оттекте жануы тотығу –тотықсыздану реакциясына жата ма?»
реакцияның бірінші және екінші бөлігі жазылған қағаз қиықшалары
Жаңа сабақ тотығу –тотықсыздану реакциялары, мақсаттары анықталады.
1-тапсырма «Ойлан,жұптас, бөліс» әдісі (топтық жұмыс) Видеоролик :«Магнийдің оттекте жануы»
Оқушыларды диалогқа тарту мақсатында әр топ өздерінің ойларын айтады.
Проблемалық сұрақтар: 1.Бейнероликтен не түсіндіңіздер?
2.Не себепті магний атомы оттек атомына 2 электронын береді?
3.Электронды беру,электронды қосып алу процестері жөнінде ойыңмен бөліс,кестені толтырып,қорғау
4.Тот-тотықсыздану процесінің биологиялық маңызы туралы не білесіздер?Мысалдар келтіріңіздер
-тотығу ,тотықсыздану процестерінің анықтамасын айта алады
-металл валенттік электронын беріп, оң зарядты ионға айналатынын схема түрінде көрсете алады
-бейметалл сыртқы электрондық қабатты аяқтауға қажетті электронды қосып алып, теріс зарядты ионға айналатынын схема түрінде жаза алады.
-тотығу –тотықсыздану процестерінің биологиялық маңызын біледі