Сабақтың мақсаттары Барлығы: Сөйлем туралы жаңа білімді меңгереді



бет11/20
Дата24.11.2022
өлшемі208,57 Kb.
#52358
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20
Байланысты:
1 сыныпқа бейімделу тренинг

Әр жағымды жауап үшін – бір балл.
Тест нәтижесі:
Егер сіз 15 сұраққа ризалық білдіріп жауап берсеңіз, демек сіздің балаңыз мектепке дайын. Сіз балаңызбен бекер дайындалған жоқсыз, егер кейін балаңызда оқу барысында қиыншылықтар туындаса, балаңыз сіздің көмегіңіз арқылы оларды жеңе алады.
Егер балаңыз жоғарыда берілген сұрақтардың 10-14 орындай алса, сіз дұрыс жолдасыз. Сабақтар барысында балаңыз көп нәрсеге үйреніп, біліп алған. Ал, теріс жауап берген сұрақтарыңыз сіздің неге назарыңызды аудару қажет екенін және баламен әлі де жаттығу қажет екенін білдіреді.
Егер Сіз9 немесе одан да аз сұраққа жағымды жауап берсеңіз, баланың оқуға дайындығына көп уақыт, назар бөлу қажет екенін білдіреді. Бала мектепке баруға әлі дайын емес. Сол себептен сіздің міндетіңіз – баламен жүйелі турде жаттығып, түрлі тапсырмаларды орындау қажет. Оқудың алғашқы кезеңінде баламен бірге мұқият үй тапсырмаларын орындап, өткен материалдарды қайталап тұру қажет болады, бірақ үміт үзуге болмайды – жүйелі және үздіксіз сабақтар сіздің балаңызға қажетті білімді меңгеруге көмектеседі.


Оқушылардың орта буынға бейімделу кезеңде өтетін жұмыс бағдарламасы.
Жылдан жылға оқушылардың бастауыш сыныптан орта буынға бейімделу кезеңі өзекті мәселе болып туындайды.Оқушылар мектепке, мұғалім талабына, сыныптастарына үйренсе де, бейімделу проблемасы бар. Олар қайтадан жаңа әлеуметтік жағдайға үйренеді, жаңа сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, жаңа пән. Әр мұғалім өз талабын қояды. Бұл кез бастапқы жеткіншек шақ, бала ағзасында физиологиялық өзгерістер өтіп, ол да із қалтырады.
Сондықтан бейімделуге дайындық жұмысты төртіншіде бастап, бесінші сыныпта жалғастыру қажет.
Мақсаты: Оқушыларға бейімделу кезеңінде психологиялық сүйемелдеу арқылы көмек жасау.
Міндеттері:
1. Танымдық процестерін, қарым-қатынасын, өзіне деген көзқарасын, тәртібін 4-ші сыныпта бақылау.
2. Орта буындағы сыныпта оқушыға қажет қасиеттермен таныстыру.
3. Орта буынға ауысуға дайын екендіктеріне сенімділіктерін арттыру.
4. Жұмыс жасауға жақсы көңіл-күй орнату.
5. Мұғалімдерге, ата-аналарына бесінші сыныпқа бейімделу ерекшіліктері, үлкендер қандай көмек бере алатыны туралы кеңес беру.
6. Оқушыларға сабақ арқылы бейімделуге көмек беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет