Сабақтың мақсаттары: Білімділік: компьютердің қосымша құрылғыларын орнату мен баптау туралы түсінік беру Тәрбиелік



бет2/3
Дата20.12.2023
өлшемі32,86 Kb.
#141208
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
18,12Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату

Мәтіналғыны орнату.
Жоғарыда айтып өткендей драйвер туралы мәселені шешіп болып, шнур арқылы мәтіналғыны компьютерге жалғаған соң, Windows автоматты түрде құрылғыны орнатады.
Мәтіналғы ескі болса, орнатуды өз қолдарыңмен іске асыруға тура келеді. Пуск арқылы басқару панелі деген мәзірге барып, терезенің сол жақ жоғарғы бөлігіндегі Қосымша құрылғы атты батырманы басып, Windows –тың айтқан барлық қадамдарын орындап шығасыңдар.
Көпфункционалды құрылғылар (КФҚ) – бір құрылғыдағы принтер/сканер/копир.
Мұндай құрылғылардың ерекшелігі-оларды компьютерсіз де көшірме жасау құрылғысы ретінде қолдануға боладыОлар бүріккіш те,лазерлік те болуы мүмкін.
Модем –компьютерді жай телефон желісіне қосуға арналған құрылғы.Модем әдетте компьютерге Интернет желісінде орнатылады.
Ақпарат тасығыштар:

  • Қатты диск(винчестер);

  • Жұмсақ диск(дискета);

  • Лазерлік дискілер (CD,DVD);

  • Флеш жады.

Ақпарат тасығыштардың негізгі көрсеткіші-олардың сыйымдылығы.
Сыйымдылық -тасығышта сақталатын ақпараттың шектік сандық мөлшері.
Қатты дискі –үлкен көлемді деректер мен программаларды ұзақ уақытқа сақтайтын негізгі құрылғы.Жүйелік блоктың ішінде орналасқанына қарамастан қатты дискі компьбтердің сыртқы жады болып табылады.
Дискета-шамалы көлемді деректерді көп қайтара жазып, сақтау үшін қолданылатын тасымалданатын магниттік ақпарат тасығыш. ҚысқартылғанCD-ROMтіркесі қазақ тілінеықшам –дискі негізіндегі тұрақтысақтау құрылғысы. Ал DVD-дискі –үлкен көлемді ақпаратты сақтауға және оқуға мүмкіндік беретін артығырақ тығыздықтағы құрылымды жұмыс беті бар тасығыш.



  1. Жаңа білімдерді бекіту

Тапсырмалар. 1. Техникалық диктант Әрбір дұрыс жауапқа (+) қойылады.



  1. Ақпаратты қағазға басып шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . . . . деп аталады.




  1. Компьютердің сыртқы жадына . . . . . . . . . . . , . . . . . . . . . ., . . . . . . . . . жатады.




  1. Қағаздағы кескінді дисплей экранына шығаратын құрылғы . . . . . . . . . . деп аталады.




  1. Компьютердің негізі құрамына кіретін құрылғылар.....




  1. Қазіргі кезде ең көп тараған процессор . . . . . . . . . . . деп аталады.




  1. Басу сапасы мен конструкциясы бойынша ең қарапайым басып шығарғыш . . . . . . . . . . . . . . . деп атайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет