Сабақтың мақсаттары Оқушылардың барлығы: шығарманың тақырыбы мен идеясын түсінеді



бет4/5
Дата25.01.2023
өлшемі92,5 Kb.
#62786
түріСабақ
1   2   3   4   5
Шығарма өлең жанрында жазылған. Өлеңнің көлемі шағын болғанмен, айтатын ойы терең. Бунағы белгілі тәртіпке бағынған. Ырғағы мен ұйқасы бар. Кенен – төкпе ақын. Ол жыр алыбы Жамбылдан бата алған. Жанында ұзақ жылдар еріп жүріп, өнерін меңгерген. Ақын жыр алыбына:
Жамбыл десем, кім білмейді,
Өлеңнің ордасына кім кірмейді.
Елу жыл ертіп жүрген ардақты ата,
Домбыраң құлағымда күмбірлейді, – деп өлең арнаған.
Өлең мәтіні
Алатау аспанменен тілдескендей
Алатау аспанменен тілдескендей,
Қол созып көкпенен де күрескендей.
Сәулесі сансыз жұлдыз суға түсіп,
Күн мен Ай күліп, құшып сөйлескендей.
Шолпан да Темірқазық телмірісіп,
«Мен достың, бері таман кел» дескендей.
Тянь-Шань, Тарбағатай, Кавказ құзы
Алыстан Алатаумен үндескендей.
Сай-сайдан сулар тасып арқыраған,
Еңбекке колхоз, совхоз үлескендей.
Бұл түзде менен артық тау болмас деп,
Ешкімге бас иместен сірескендей,
Ортасында Талғардың құз-шыңы тұр
Батынып маған тиер кімдескендей.
Білектей бүлдіргені қарақатпен
Аса алмас Хантәңірден адам атпен.
Басындай жас баланың Құлжа алмасы
Айналып кете алмайды дәмін татқан.
Қарағай, қайыңы мен түрлі жеміс,
Сұлудай мөлдіреп көз кірпік қаққан.
Кигендей торғын шапан, жасыл жібек
Қадалып қарағандар көзін сатқан.
Жігіттің көзін тескен қыз секілді
Жамылып атлас шайы, түйме таққан.
Таласқан аспанменен шың-құздары
Күлімдеп Күн мен Айға жауап қатқан.
Батырдай сауыт киген, қалқан ұстап,
Күндіз-түн ұйықтамай халқын баққан.
Қойнында Алатаудың жүз түрлі аң бар
Әлдісі әлсіздерін шуылдатқан.
Құс салып, ит жүгіртіп аңшылары
Қуады мылтық атып, салып қақпан.
Балауса балдырғаны белуардан
Сылдырлап мөлдір бұлақ сылаң қаққан.
Аққудай дарияға қатар жүзген,
Қыздары Алматының ән шырқатқан.
Перідей жігіттері белең өсіп,
Өнері бірінен соң бірі артқан.
Заманында Советтік Қазақстан
Күмбірлеп ертелі-кеш күйін тартқан.
Жыр төгіп, нөсерлеткен ақындар көп,
Үлгі алып тоқсан толғау Жамбыл қарттан.
Астана Алматының қаласынан,
Сарыарқа, Жетісудың саласынан,
Аймағы алты айлық жол Қазақстан
Қиырсыз ұшан-теңіз даласынан.
Толғанып күй құйылтып, жыр төгеді,
Бабалардың қуат алып данасынан.
Жаңғыртып Алатаудай туған жерден
Қордай мен Сұлутөрдің жағасынан.
Қолына ап кәрі жолдас домбырасын,
Кененмін талайлардан бақ асырған.
Көп көрген ақсақалым – Алатауым,
Аспанмен ғасыр бойы бітпей дауың,
Көк тіреп биік бойың шоқтықтанып,
Лебімен бұлтты тартып алған дәуім.
Қыста сен ақкүміс қар жамыласың,
Көктемде гүлденеді көктеп баурың.
Төсіңде ағаш өсіп сап түзеген,
Бойыңа көрік берген бақша, бауың.
1-тапсырмабын көрсету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет